Микроорганизмдер, антибиотиктер және биологиялық активті заттарды түзушілер презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспар:
1.Кіріспе.
2.Микроорганизмдер- биологиялық активті заттар түзушілер.
2.1.Амин қышқылдарының түзілуі. Белокты молайтудағы микроорганизмдерді пайдасы.
2.2.Витаминдерді өндірістік жолмен

алу.
2.3.Микроорганизмдерден ферменттер өндіру.
Қорытынды.Антибиотиктерді ауыл шаруашылығында қолдану.

Слайд 3

Микроорганизмдердің амин қышқылдарын, витаминдерді, антибиотиктерді, ферменттерді, гибберреллинді, гормондарды және т.б бағалы биологиялық активті

заттарды түзетіні белгілі. Сонғы уақытта белок синтезіне қажетті амин қышқылдарын өндіруге назар аударылуда.

Слайд 4

Амин қышқылдарының ішінде ең алғаш өндірілгені- глютамин.Жапон ғалымы Киносита табиғаттан Micrococcus glutamicus микробын

тауып, осы қышқылды өндірді. Қазір Жапонияда, АҚШ-та арнаулы заводтарда жылына жүздеген мың тоннадай өндіреді.Глютамин қышқылы — тірі организмдегі протеиндер, әсіресе, қарапайым молекулалы заттар (глутатион, фолий қышқылы т.б.) құрамына кіреді және бос түрінде де кездеседі. Ол организмдегі азоттык, алмасуда атап айтқанда,амин тобы тасымалдауда және зиянды аммиакты бейтараптандыруда маңызды рөл атқарады. Глютамин қышқылын кейбір ауруларды,әсіресе нервтік ауруларды емдеуде және тамақ өнімдерін дайындауда татымдық қосымша ретіндеде пайдаланады.

Micrococcus glutamicus

Слайд 5

Белок молекуласындағы маңызды амин қышқылдардың бірі – лизин. 2,1кг жасанды лизинді бір тонна

азыққа қосып шошқаны жемдегенде ол орта есеппен 13,6% салмақ қосып, протеин шығынының 20-25%-ке дейін кемітеді. Лизин рационның ең құнды, қажетті құрам бөлігі болып табылады. Нанның құнарлығын арттырады.Егер ультракүлгін сәулемен әсер етсе,микрококкус глютамикус едәуір мөлшерде лизин түзе алады.Bact.aerogenes, Bact.proyeus, Bacillus subtillys, Torula utilis-тен лизин өндіреді.Арменияда жылына 1000т кристалл лизин өндіретін завод іске қосылды.

Слайд 6

Candida туысына жататын ашытқы саңырауқұлақтар сыйымдылығы 300 м куб ыдыста 1 т-ға дейін

сіңімді белок жинай алады. Ал осындай протеинді өндіру үшін белокты өсімдіктерді 3000 га жерге өсіруге тура келеді.Мал азығына осындай микробтар белогын қосқанда олардың өнімділігі артады.

Слайд 7

Көптеген микроорганизмдер өздеріне қажетті витаминдерді синтездей алады, ал қалғандары қоректік ортада қажетті витаминдер

болмаса мүлде тіршілік ете алмайды.

Микроорганизмдер

Белгілі бір витаминді қажет ететін-ауксотрофты

Витаминдерге мұқтаж емес-ауксоавтотрофты

Слайд 8

Витаминдер
Тиаминді(В1) ашытқы санырауқұлақтары көп мөлшерде бөле алады.Кейбір микроорганизмдер, сүт қышқылы бактериялары

В2-рибофлавин витаминіне тым мұқтаж. Ал Eremothecium ashbye, cl.acetibutilucum және Candida мен Myxobacterium микроорганизмдерінің бірқатары осы витаминді мол түзеді. Соңғы жылдары дүние жүзі мемлекеттерінде В12 витаминін өндіру қолға алынып отыр.Ол іс жүзінде жоғары сатыдағы өсімдіктерде кездеспейді, оны тек микроорганизмдер ғана түзе алады. Медицинада, мал шаруашылығында кеңінен қолданады. В12 витаминін қоректік ортада Act.olibatus, Act.griseus бактериялардан Bac.meghaterium, L.casei және пропион қышқылы бактерилары Propionibacterium shermanii көптеп түзе алады.
Адам мен жануарларға аса қажетті витаминдердің біріне А витамині жатады.Өндірістік жағдайда блаксела саңырауқұлағын қолданады.

Слайд 9

Биологиялық активті заттарды микроорганизмдердің басқа топтары да түзе алады. Микробтар түзетін заттардың ішіндегі

маңыздыларының біріне гетероауксин жатады. Ол алғаш рет ризофус деген саңырауқұлақтан алынды. Сонымен бірге, ол жоғары сатыдағы өсімдіктердің де клеткаларында кездесетіні анықталды. 1950 жылдарда өсімдіктердің өсуімен дамуына зор әсер ететін физиологиялық активті зат — гиберелинге көп назар аударылды. Оны өсімдікті зақымдайтын саңырауқұлақ гиберелла фуфикори түзеді. Оны алғаш рет зерттеген жапония ғалымы Куросава. Ол күріш өсімдігінің осы саңырауқұлақтың әсерінен ауыратынын анықтады. Күріштің сабағы шамадан тыс үзарып, сарғайыіп, ақыр аяғында, оның елетінін байқады. Осы кезде гиберелинді микроорганизмдерден алуға болатыны анықталды.

гетероауксин

гибберрелин

Слайд 10

. Қазір халық шаруашылығында микробтардан өндірілетін басқа да бағалы заттар — ферменттерді колдану

етөк алып отыр. Бүл үшін Aspergillis, Penicillum микроскоптық саңыраукұлактары қолданылады. Олар ағаш үгінділерінде жақсы өседі. Бүл үшін ағаш үгіндісіне қоректік заттар қосып зарарсыздандырады да, оған жоғарыдағы саңырауқүлақтарды егеді. Осы ортада саңырауқүлақтар біраз мәлшерде ферменттер түзеді. Ферменттерді таза күйінде арнаулы технологияны қолдану арқылы бөліп алады. Осындай әдіопен инвертаза, авоморин, оризин ферменттерін ендіреді. Соңғы жылдары ферменттерді бактериялардан да алуға болатыны анықталды. Оған бациллус субтилистен алынатын субтлин жатады.

Слайд 11

Осындай әдіспен инвертаза, оризин, пектиназа ферменттерін өндіреді.Соңғы жылдары ферменттерді бактериялардан да алуға болатыны

анықталды.Оған Bacillus Subtilis алынатын субтилин жатады.

Слайд 12

Қорытынды:
Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін,

көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат; микроағзалармен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А.Флеминг болды.
Антибиотиктер тек ауруларды емдеу үшін ғана емес, сонымен бірге ауылшаруашылық малдары мен құстарды азықтандыруға кеңінен қолданылады.Жас төлдер азығына аз мөлшерде антибиотиктерді қосса, олардың өсуі жеделдейді.Мысалы 200 бас шөжелердің әрбір килограмм салмағына шағып шамамен 40 мг пенициллин мен 20 мг биомицин азыққа қосып берілгенде шығын 2-3 есеге азайып, қосымша салмағы 6-15 процентке артқан.

Слайд 13

Микробтардан алынатын көптеген биологиялық препараттар (биовит, кормогризин, бацитрацин, витамицин, комарин, т.б.) малдың

салмағын арттырып, алынатын өнімдердің (сүт, ет, т.б.) сапасын жақсартады. Осымен қатар сібір жібек құртын, бау-бақша өсімдіктерін, жүзімді бүлдіретін зиянкес жәндіктерге індет туғызушы микроағзалардан де биологиялық препараттар (энтобактерин, дендробациллин, битоксибациллин, инсектин,боверин) алынады. Биологиялық препараттардың құндылығы — олар химиялық препараттармен салыстырғанда, қоршаған ортаға ешбір зиянын тигізбейді.
Мал азықтық антибиотиктерге бацитрацин жатады. Бацитрацин - бактериялар түзетін антибиотиктер тобына жататын антибиотик. Бұл антибиотиктің продуценті шөп бацилласының тобына жатады. Грам əдісімен оңға боялатын бактерияларға бактериостатикалық және бактерицидтік əсер етеді. Бацитрацин əсер ету спекторы бойынша пенициллинге жақындайды.Оны Bac.Subtilis және Bac.licheniformes алады.
Str.aureverticillatus микробының түзетін витамицин организмде А витаминінің жетіспеушілігін толықтыруға көмектеседі.

Слайд 14

Стрептомицин – актиномицеттің бір түрінен алынатын антибиотик. Оның көптеген микроорганизмдерді, соның ішінде өкпе

ауруы таяқшасының тіршілігін жоятын қасиеті бар. Пенициллинге қарағанда ол жасушаға нашар сіңеді. Дегенмен ол жасушадағы тотығу процесін шапшаң тоқтатады.
Канамицин - туберкулезге қарсы қолданылатын антибиотик, стрептомицинге Mycobacterium tuberculosis қарағанда активтілігі жоғары.

Слайд 15

Практикада кең қолданысқа ие антибиотиктер актиномицеттердің метаболиттері болып саналады. Актиномицетті шығу тегіне ие

ең бірінші антибиотиктердің бірі – мицетин, ол 1939 жылы совет ғалымдары Красильников және Коренякомен ашылды.
1940 жылы актиномицетин (Вельш, 1937) және мицетин, сонымен қатар, пенициллин деген антибиотикалық заттар анықталды.Медициналық және мал дәрігерлік практикада антибиотиктердің басым көпшілігі актиномицеттерден алынады. Антибиотиктердің басым көпшілігі іс жүзінде кеңінен қолданылатын, биологиялық активті қосылысқа ие, актиномицеттің көмегімен өндірісте шығарылатын антибиотиктердің көп бөлігі алынады.Бұл антибиотиктік затқа бір қатар қосылыстардың тобы жататындар, олар химиялық құрылысы әр түрлі болатын және биологиялық әсері кең спекторда болатын.
Имя файла: Микроорганизмдер,-антибиотиктер-және-биологиялық-активті-заттарды-түзушілер.pptx
Количество просмотров: 22
Количество скачиваний: 0