Модем. Интернет желісі презентация

Содержание

Слайд 2

Internet желісіне қосылу үшін компьютерге желілік тақша мен модем қажет.

Модем – бұл

компьютерлерге телефон желілері немесе басқа да байланыс тораптары арқылы мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.
Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютердің иесі лайықты провайдер тауып, онымен Internet-те жұмыс істеу шарттары туралы келісімге отыруы тиіс. Осыдан кейін ол провайдерден пайдаланушы есімін, құпия сөз және өз компьютерін өз телефон консолі арқылы Internet-ке қоса алатын қашықтағы телефон нөмірін алады.
Internet желісіне қосылуды баптау үшін (Windows 2003 нұсқасы үшін) Бастау батырмасын басып, Баптау – Басқару үстелі – Желілік қосылымдар – Жаңа қосылым жасау шебері әмірлерін

Слайд 3

Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork). Internet – бұл

дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көпетеген мүмкіндіктер ұсынады.

Слайд 4

Провайдер таңдау кезінде қойылатын талаптар:
Провайдер — бұл ұйымдар мен жеке тұлғаларға Internet

қызметтерін ұсынатын компания.
Провайдер ретінде жекеменшік арнайы маманданған фирмалар да, ірі телефон компаниялары да қызмет істей алады. Әдетте провайдерлер біркелкі қызметтер жиынтығын ұсынады, бірақ олардың қызметі түріне және сапасына қарай ерекшеленетіндіктен, төлемақысы да әр түрлі болады.
Өз қажетіңізге лайықты провайдерді таңдай отырып, бірнеше шартты ескерген абзал:
Мәліметтерді жеткізу жылдамдығы – уақыт бірлігінде модем арқылы өтетін ақпараттың биттер саны. Ұсынылатын жылдамдық провайдер жабдықтарының техникалық мүмкіндіктеріне байланысты.
Қосылым түрі. Коммутацияланатын желі бойынша модем арқылы қосылу – бұл Internet-ке қосылудың ең сенімді, бірақ ең баяу түрі. Қосылымның бұл түрі көптеген Internet-те жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз етеді, бірақ ақпараттың үлкен көлемін (дыбыстық файлдар, жан бітірілген сызбалық файлдар, бейне, интерактивті ойындар) жеткізуде қиындықтар туындауы мүмкін. Енді бір түрі – кабельді модем, DSL, жерсерігі арқылы кең жолақты қосылым болып табылады. Қосылымның бұндай түрі жоғарғы
жылдамдықпен байланысуға мүмкіндік беріп, шынайы уақыт режімінде аудио және бейне файлдарын жеткізуді қамтамасыз етеді.
Қызметтер құны осы аталған факторларға және Сіз пайдаланғыңыз келетін тарифтік жоспарға байланысты болады.

Слайд 5

Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET

желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық үғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі "ханшалардан" күнделікті "күңіңізге" айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қафрапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC (Internet Society — Internet қоғамдастығы) президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті INTERNET бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.

Слайд 6

Компьютер провайдер желісімен байланыс орнату үшін телефон нөмірін тере бастайды. Осыдан кейін модемнің

«әнімен» ұштасатын қосылысты орнату процесі басталады. Қосылыстың барлық сатылары қосылым терезесінде түсіндіріліп отырады. Егер деректер дұрыс көрсетілген болса, әдетте бір минут ішінде компьютер провайдермен қосылысып, желіге шығады.
Қосылыс орнағаннан кейін бейне беттің оң жақ төменгі бұрышында белгіше және қосылым сәтті орындалғаны туралы хабарлама пайда болады.
Осы сәттен бастап, компьютер Internet-те болады, ал провайдер сервері компьютердің желіде өткізген уақытын (секундпен) есептей бастайды.
Қарапайым модем арқылы уақыты төлемі бар қосылу кезінде Internet-те жұмыс істеп болғаннан кейін бірден желіден ажыратылу қажет. Internet-тен ажыратылу үшін тінтуірдің оң жақ пернесімен батырмасының мәтінмәндік мәзірін шақырып, Доғару әмірін таңдау керек

Слайд 7

Е-mail, WWW, FTP мүмкіндіктеріне қысқаша шолу

. Internet құрамына түрлі элементтер кіреді, соның

ішінде WWW, электрондық пошта, файлдарды жеткізу қызметі және т.б.
WWW бүкіләлемдік желісі (World Wide Web – «Бүкіләлемдік тор»), әдетте веб деп аталады, Internet жабдықтары арқылы жеткізілетін құжаттардан тұрады. Web – бұл веб-беттер мен веб-тораптар жиынтығы.
Веб-беттер ақпараттың алуан пішімдерін – мәтін, сызба, дыбыстық және бейне жазбаларды, жан бітірімдерді қамти алады. Web-бетіндегі еренсілтемелер кез келген Internet серверінің кез келген басқа бетіне өтуді қамтамасыз ете алады. Еренсілтемелер ретінде кез келген сөз немесе сурет көрінуі мүмкін. Ерекшеленген таңбалар бойынша өту жүзеге асырыла алатын мәтін еренмәтін деп аталады. Web-беттердегі құжаттардың кеңейтімі әдетте .htm болады.

Слайд 8

Электрондық пошта қызметі немесе e-mail, пайдаланушыларға мәтіндік хабарламадан және түрлі форматтағы: мәтіндік, сызбалық

және т.б. файлдардан тұратын электронды хаттарды жөнелтіп, қабылдап алуға мүмкіндік береді.
Файлдарды жеткізу қызметі файлдарды бір компьютерден екіншісіне көшіреді немесе жылжытады. Internet бойынша мәліметтерді жеткізуді басқаратын файлдарды жеткізу протоколы (File Transfer Protocol, FTP) атты арнайы маманданған басқарушы принциптер не протоколдар бар. FTP көмегімен әкімші серверде FTP-сайттарын жасап, интернетті пайдаланушылардың осы қызметпен өзара әрекеттесу тәсілдерін анықтай алады.

Слайд 9

ADSL-модемі

Слайд 10

Модемнің ішкі бөлігі

Слайд 11

Модемнің түрлері:

Слайд 12

Internet желісінде адасып қалмау үшін шолғыш – браузер деп аталатын арнайы бағдарлама қажет.


Браузер – бұл веб-бетінің мәліметтерін Сіздің компьютеріңіздің бейне бетіне шығаруды қамтамасыз ететін, Internet қор көздерін қарауға арналған бағдарлама. Windows амалдық жүйесінің құрамына Internet Explorer браузері кіреді.
Internet Explorer қазақ тілді нұсқасы Web-беттерді әзірлеушілер жасайтын ақпаратты дыбыстық және бейне сүйемелдеу сияқты түрлі мүмкіндіктерді қолдайды.
Microsoft Internet Explorer-мен жұмысты бастау үшін жұмыс үстелінен шолғыш белгішесін тауып, оны нұқыңыз. Өзіндік бе ашылады. Пайдаланушы өзіне ұнаған веб-бетін өзіндік бет ретінде орната алады

Слайд 13

Internet желісінде қандай да бір ақпаратты орналасқан орнын білмей тұрып табу қиын. Бұндай

жағдайда миллиардтаған веб-беттеріне қол жеткізуді оңайлатып қана қоймай, Сізге іздегеніңізді табуға мүмкіндік беретін түрлі қызметтерді ұсынатын ақпараттық-іздеу порталдары көмекке келеді.
Ақпараттық-іздеу порталдары кілттік сөздер не сөйлемдер бойынша іздеу үшін берілген конфигурациялар кездесетін қор көздерінің мекен жайларын табуға мүмкіндік береді. Бұл порталдарда сіз сондай-ақ түрлі ақпаратты: ауа райы мәліметтерін, соңғы жаңалықтарды, валюта бағамдарын, сілтемелерді және т.б. таба аласыз.
Internet-те алуан түрлі ақпараттық-іздеу порталдары бар. Недәуір кең тарағандары: Google (www.google.com және www.google.kz), Yandex (www.yandex.ru), Rambler (www.rambler.ru).
Іздеу порталдарының бәрінде Іздеу батырмасы бар Кілттік сөздерді енгізуге арналған өріс, Жаңалықтар таспасы, Тақырыптар бойынша сайттар каталогы, Іздеу қызметі болады

Слайд 14

Чарттар
Чаттарға мәзірінде «Чаттар» деген сілтемесі бар кез келген веб-бетінен кіруге болады. Тілдескісі келетін

әрбір адам арнаға ену үшін алдын ала қатынас шегін айқындап алуы, яғни, өз ник-есімін (ағылш. nickname), өзін өзгелер қалай атағанын қалайтынын көрсетуі қажет. Есім латын не орыс әліпбиі әріптерінен құралуы тиіс. Сондай-ақ, Сіздің хабарламаларыңыз қай түспен ерекшеленетінін, жаңарту уақытын (чат терезесінің жаңартылып отыру жиілігін) және шығарылатын хабарлама жолдарының санын таңдауға да болады.
Арнаға қосылғаннан кейін пайдаланушы осы пікірталасқа қатысушылардың барлығының аттарын көреді. Чатқа жөнелтілетін мәтін барлық өзге қатысушылардың негізгі терезесінде бірден пайда болады. Бұнда әркім кез келген тақырыпты, топты таңдауға, сөйлеуге, тыңдауға, топтағылардың барлығына қаратып бірдеме айтуға, өз тобын ұйымдастыруға немесе біреумен тек екеуара сөйлесуге ерікті.
Форум – бұл сайтта қатынас жасау құралы. Форумдағы хабарламалар пошта хабарламаларына ұқсайды, олардың әрқайсысының авторы, тақырыбы және мазмұны бар. Бірақ, форумға хабарлама жөнелту үшін қосымша бағдарлама қажет емес, тек сайттағы өзіне сәйкес нысанды толтырса жеткілікті

Слайд 15

Форумның қасиеті

Форумның міндетті қасиеті – ондағы хабарламалар тредтерге (ағылш. thread – «жіп») біріктірілуінде.

Сіз форумдағы бір хабарламаға жауап берген кезіңізде, жауабыңыз бастапқы хабарламаға «байлаулы» болады. Осындай жауаптардың реті,
жауапқа жауаптың реті тағы с.с. тредті құрайды. Нәтижесінде форум тредтерден құралған ағаш тәрізді құрылымға ие болады.
Чаттарға қарағанда форумға жіберілген хабарламалар өте ұзақ уақыт сақталуы мүмкін және форумдағы жауап сұрақ берілген күні шығуы міндетті емес.
ICQ қызметі – бұл Internet желісінде адамдардың тегін қарым-қатынас жасауы үшін тегін таратылатын бағдарлама. ICQ (ағылш. I Seek You – Мен сені іздеп жүрмін) бүкіл дүние жүзіндегі адамдармен қарым-қатынас жасаудың ең оңай тәсілі болып табылады.

Слайд 16

Электрондық үкімет (е-үкімет) – халықтың ел үкіметімен тікелей байланысын қамтамасыз ететін жүйе. Бұл

– қызмет көрсету, азаматтардың саясатқа араласуы және басқару үрдістерін ішкі және сыртқы қарым-қатынастарды техникалық құралдардың, Internet-тің, қазіргі заманғы БАҚ көмегімен өзгерту арқылы үздіксіз оңтайландыру.
ҚР Электрондық үкіметі веб-порталы – www.e.gov.kz. мемлекеттік
қызметтерді «бір терезе» принципімен ұсыну тұжырымдамасын жүзеге асырудың тәжірибелік механизмі болып табылады. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Электронды үкіметті қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Слайд 17

Электрондық үкімет

Қазақстанда Электрондық үкіметті енгізу жұмыстары халықтың мемлекеттік органдарға жүгінуін оңайлату, мемлекеттік органдардың

азаматтар мен ұйымдарға көрсететін қызметтері сапасын жақсарту және мерзімін қысқарту, мемлекеттік органдар қызметі бойынша дерек қорларына қатынасуды қамтамасыз ету және келешекте әкімшілік жүйе жетістіктерін есепке ала отырып, құрамы жағынан оңтайлы да тиімді мемлекеттік аппарат жасауға бағытталған.
Электрондық үкімет азаматтарға мемлекетпен қарым-қатынас жасауды және мемлекеттік қызметтерге қатынауды орналасқан орны мен жыл мезгіліне тәуелсіз, тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн бойы қамтамасыз етіп отыруы тиіс. Мемлекеттік мекемелер көрсететін барлық қызметтердің тізімі мен сипаттамасы, нормативтік-құқықтық ақпарат, азаматтардың билікпен, түрлі әлеуметтік қызметтермен, комитеттермен және ведомстволармен ашық та тура сұхбаты кез келген уақытта бәріне де, әркімге де ашық болуы тиіс.
www.e.gov.kz. Веб-порталының пайдаланушылары екі категорияға бөлінеді: пайдаланушылар және тіркелген пайдаланушылар. Пайдаланушылар веб-порталдың барлық беттерін қарап шыға алады, бірақ жеке беттерге қатынаса алмайды.

Слайд 18

Интернет банк

Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Өз

қаражатыңызды және несиелеріңізді басқару үшін Қазақстанның банк жүйесінде Internet-банкинг қызметі бар.
Интернет-банкинг жүйесінің мәні клиенттің өз есеп шоттарын жылдам қатынау және банкке бармай-ақ ақпарат алып, төлемдерді жүргізу мүмкіндігінде.
Мысалы, «ТұранӘлемБанкі» порталы (www.my.bta.kz) (11.21-сурет) аясында осы банктің салымшылары кең көлемді ақпараттық және қаржылық қызметтерді пайдалана алады
Имя файла: Модем.-Интернет-желісі.pptx
Количество просмотров: 63
Количество скачиваний: 0