Веб - сайт құру жолдары презентация

Слайд 2

HTML тілі элементтері.

Веб-сайт құру жолдары.
Web-беттің негізгі қызметі – қажетті ақпаратты іздеу, жинастыру және

оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Web-беттер түрінде дайындалып сақталған электрондық құжаттарға – мәліметтер, графиктер, фотосуреттер жатады. Электрондық құжаттың қарапайым құжаттан айырмашылығы – оның жазылу форматында. Интернетте электрондық құжат құру үшін HTML арнайы тілі пайдаланылады және олар HTML форматында сақталады.
HTML (HyperText Markup Language-гипермәтіндік белгілеу тілі) – қатаң ережелері бар компьютерлік тіл. HTML тілінде құжаттың авторы өз мәтінін тегтер деп аталатын символдар көмегімен арнайы файлға – Web-бетке айналдырады. Web-беттің мазмұны әртүрлі болуы мүмкін, бірақ барлығы да арнаулы HTML тілінде жазылғандықтан бұл құжаттардың кеңейтілмесі .htm немесе .html болып келеді.

Слайд 3

HTML тілі элементтері

HTML тіліндегі құжат – құжаттың негізгі мәтінінен және тегтерден тұрады. Бұл

файлды құру үшін қарапайым мәтіндік редактор Блокнотты қолдансақ та болады.
Барлық тегтер «кіші» (<) символынан басталады да «үлкен» (>) символымен аяқталады. Бұл символдар жұбын бұрыштық жақшалар деп те атайды. Ашылған бұрыштық символдан кейін тегті анықтайтын өзекті сөздер орналасады. HTML тілінің тегтері құжаттың арнаулы бөлігіне ғана, мысалы, абзацқа ғана әсер етеді. Сондықтан да ашылатын және жабылатын – жұп тегтер қолданылады. Ашылатын тег құжаттың бөлігіне қандай да бір әсер береді, ал жабылатын тег осы әсерді доғарады. Жабылатын тегтер – «/» - символымен басталады.

Слайд 4

HTML атрибуттары

Атрибут бір нәрсенің ерекше белгісі, тұрақты қасиеті, заттың бөлінбес бөлшегі.
HTML атрибуты
HTML элеметтерде

де атрибуттар болады.
Атрибут бір нәрсенің ерекше белгісі, тұрақты қасиеті, заттың бөлінбес бөлшегі.
Атрибуты әрқашанда ашық тегте көрсетіледі.
Атрибут синтаксисі былай: атрибут аты=»мәні» (Мысалы:width=»100%» — бұл дегеніміз, элемент ені 100% болады деген).

Слайд 5

HTML атрибуттары

Тырнақшалар
Атрибут мәні тырнақшаның ішінде болуы керек.Көп жағдайда «екеулік тырнақша« қолданылады, бірақ сіз

сонымен қатар ‘дара тырнақшаныда‘ қолдануыңызға болады. Кейбір кезде сізге дара тырнақшаны қолдану керек болады, мысалы мәнінде тырнақшаға алыну керек бөлігі болса.:
аты=’Джон «Головорез» Нельсон’

Слайд 6

HTML атрибуттары

:

HTML атрибуттарына анықтама
Астыңғы жақта көптеген html-элементтер атрибуттарының тізімі берілген

Имя файла: Веб---сайт-құру-жолдары.pptx
Количество просмотров: 191
Количество скачиваний: 0