Тораптық шешімдерді стандарттау. Ашық жүйелердің өзара әрекеттесуін ұйымдастырудың эталонды үлгісі
ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН СҰРАҚТАР: Стандартты көзі. Ашық жүйелер қарым-қатынасын ұйымдастырудың базалық моделі. «Ашық жүйе» түсінігі. Функциональдық деңгей түсінігі. Физикалық, каналдық, тораптық, транспорттық, сеанстық және қолданбалы деңгейдің негізгі функциялары. «Интерфейс» және «Протокол» түсініктері. “Ашық жүйе” түсінігі. OSI үлгісі, атауы көрсетіп тұрғандай (Open System Interconection), ашық жүйелердің өзара байланысын суреттейді. Ашық жүйе дегеніміз не? Жалпы алғанда, ашық жүйе деп кез-келген жүйені нұсқауға болады (компьютер, есептегіш желі, ОС, бағдарламалы пакет, басқа да аппараттық және бағдарламалық өнімдер), ол ашық спецификацияларға сәйкес тұрғызылған.