Әлемдегі ТОП- 10 кітап дүкендері презентация

Содержание

Слайд 2

1

 «Атлантис кітаптары» дүкені, Санторини, Грекия
2004 жылы Санториниге демалысқа келген екі Оксфорд студенті

ішімдік ішіп, мас болған кездерінде Санториниде кітап дүкенін ашатын боп шешеді. Алғашқыда өз-өздеріне деген сенімсіздіктеріне қарамастан, оқуларын бітіріп, заттарын жүк машинасына тиеп, Грекияға біржола кітап дүкенін ашатын боп келеді. Қазір дүкен жақсы жұмыс істеп келеді. Дүкеннің артқы жағында шағын кітап баспаханасы орналасқан. Ал, дүкеннің кіреберісінде «кітап оқу кезінде жалға мысық алсаңыз да болады» деген жазу бар екен.

Слайд 3

2

Дүкен иесі Уинифред Банди 40 жылдан бері жұмыс істеп келеді. «Ән шырқайтын

жел» дүкенінің басқалардан ерекшелігі, ол айдаладағы ферма жанында орналасқан екен (ең жақын қалаға дейін шамамен 6,5 километр).

«Ән шырқайтын жел» кітап дүкені, Аризона, АҚШ

Слайд 4

Ликей кітап дүкені, Инвернесс, Шотландия
Бұл жеке меншіктегі қолданылған кітаптарды сататын дүкен

1979 жылы Инвернесс қаласындағы ескі Гэльдік шіркеу ғимаратында пайда болған. Кемпбелл ханымның айтуынша бұл дүкен әйгілі жазушы Али Смиттің сүйікті орны болған. «Ол жолдың арғы бетіндегі кафеде жұмыс істеп, тапқан табысын дүкеннен кітап сатып алуға жарататын» – дейді Джен Кемпбелл.

3

Слайд 5

«LibrairieAvant-Garde», Нанкин, Қытай

«LibrairieAvant-Garde»- нің иесі қараусыз қалған жер асты гаражын кітап дүкеніне

айналдырған. Бұл дүкенде көбінесе ескі кітаптар сатылады. Негізгі сатып алушылар – кітап дүкенінің маңында орналасқан университеттің студенттері болып табылады.

4

Слайд 6

5

«El Ateneo Grand Splendid», Буэнос- Айрес, Аргентина. 

100 жыл бойы байлар мен ақсүйектер

жиі баратын бұрынғы театрдың орнына әлемдегі ең әдемі кітап дүкені ашылды. Кітап дүкені болғаннан бері, мұнда ештеңе өзгермеген десе де болады, тек балкон мен сахнада кітап сөрелері қойылған. Ал, кешке кітап сатып алушы қонақтарды қызықтыратын жанды музыка ойнап тұрады.

Слайд 7

6

«Cafebrería El Péndulo», Мехико, Мексика

Әлемдегі жасыл кітап дүкені болып табылады. Бұл дүкеннің

әрбір бұрышында өсімдіктер қойылған, мысалы, дүкеннің дәл ортасында үлкен ағаш өссе, жоғарыда гүлдер өседі. Үлкен терезелерден дүкенге күн сәулесі түседі, сонымен қатар, келушілер өздерімен бірге су мен тамақтар әкеле алады.

Слайд 8

7

«Brattle Book Shop», Бостон, АҚШ

Бұл кітап дүкені 1825 жылы ашылған, санап отырсақ,

2 ғасырға жуық кітап сатумен айналысады. Бұл кітап дүкенінің ерекшелігі, аз кездесетін кітаптар ашық аспандағы сөрелерге қойылған.

Слайд 9

8

«Tell a story», Португалия

«Tell a story» сөзі – оқиғаңды баянда деген мағынаны

білдіреді. Автомобильде орналасқан кітап дүкені елдерді аралап, сол елдің тұрғындары мен туристеріне жергілікті жазушылардың кітаптарын ұсынады. Туристер естелікке кітап дүкенінің логотипі бар сувенирлерді, сөмкелерді ала алады.

Слайд 10

9

«Kid’s Republic» Пекин, Қытай.

Пекинде орналасқан, балаларға арналған кітап дүкені. Сонымен қатар, бұл

жерде балалар алаңқайы орналасқан, қалағандарынша балалар алаңқайда көңіл көтере алады.
Имя файла: Әлемдегі-ТОП--10-кітап-дүкендері.pptx
Количество просмотров: 31
Количество скачиваний: 0