Антиаритмиялық терапия презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспар

Антиаритмиялық дәрілер, жіктелуі
Әсер ету механизмі
Антиаритмиялық дәрілердің класстары
Іа, Ів,Іс
ІІ β адреноблокаторлар
ІІІ калий каналдарының блокаторлары
IV

кальций каналдарының блокаторы
Қолданылған әдебиеттер

Слайд 3

Антиаритмиялық дәрілер

Әртүрлі жүрек ритмдерінің, яғни экстрасистолия, жыбырлаушы аритмия, пароксизмальды тахикардия, қарыншалардың жыбырлауында және

т.б бұзылыстарында қолданылатын дәрілік тобы.
1970 жылы Vaughann Williams және 1972 жылы модифицирленген H. Singh, D. Harrison ұсынған классификациясы ең көп тараған, олар антиаритмиялық әсері бар препараттар төрт топқа бөлінеді.

Слайд 5

Осы келтірілген антиаритмиялық препараттардың жіктелуі үлкен сын көзқарастарға түсті, себебі көптеген препараттар басқа

классқа жатқанымен, аралас қасиеттерге ие. Мысалы ІІІ кл соталол, в адреноблокатор бола тұра, ІІ класстың қасиетіне ие.
Осыған байланысты 1990 жылы Сицилия қаласында бүкіл аритмологтар жиналып, жаңа классификация ұсынды. Ол «Сицилиялық гамбит» атына ие болды. Бірақ практика жүзінде қолданысқа енген жоқ.

Слайд 6

“Сицилиалық гамбит”

Примечание: +, или ++, или +++ — слабое, умеренное (среднее) и

сильное влияние на каналы или рецепторы; А — агонистическое действие; А/а — антагонистическое действие; a и b — адренергические рецепторы; М — мускариновые рецепторы; Р — пуриновые рецепторы; натриевые каналы: быстрые (б), средние (с) и медленные (м); АТФаза — Nа+-К+–АТФаза.

Слайд 7

Антиаритмиялық препараттардың әсер ету механизмдері

Теріс батмотропты әсер-миокардтың қозғыштығы мен автоматизмінің төмендеуі. Оң болып

табылады, себебі эктопиялық ошақтың автоматизмін жояды.
Теріс дромотропты әсер – жүректің әртүрлі бөлімдерінде өткізгіштіктің баяулауы. Бір жағына оң, себебі аритмия кезінде re entry типа бойынша қайта антидромдық қозуды туғызбайды.
Теріс хронотропты әсер-СА түйіндегі немесе басқа да ритм жүргізушісінде қозу мен автоматизмнің төмендеуі, және де жыбырлаушы аритмия кезіндегі АВ өткізгіштегі теріс дромотропты әсері нәтижесінен жүректің жиырылу жиілігінің баяулауы .
Теріс инотропты әсер-жүректің жиырылу күшінің төмендеуі. Кальций каналдарының блокаторларына: Іа, ІІІ және IV тән. Көбінесе шығару фракциясын төмендетеді.

Слайд 9

Класс І-натрий каналының блокаторы

Натрий каналының блокаторы-жүрек ритмінің бұзылысында қолданылатын дәрілік препараттардың негізгі тобы.


І класс препараттарының қасиеттері:
бастапқы деполяризация жылдамдығын төмендетеді (ӘП о фазасы) тіндерде “жылдам жауап” арқылы, жүрекше мен Гисс-Пуркинье жүйесінде электрлік импульстың өткізілуінің баяулауымен жүреді.
Диастолалық деполяризация жылдамдығын төмендету арқылы, ІІ және ІІІ эктопиялық орталықтың, және де СА түйіннің автоматизмнің баяулауына алып келеді (Іа және Іс )
ӘП амплитудасын төмендетеді, және табалдырық потенциалынан жоғары, осыған байланысты жүрекше мен қарынша миокардының қозғыштығы төмендейді.

Слайд 10

I класс антиаритмиялық препараттардың жасушалардың ӘП «жылдам» (а) и «баяу» (б) жауабына әсері.

Слайд 11

Іа класс

Бұл препараттар тобына-хинидин, новокаинамид, дизопирамид, аймалин және т.б. Натрий каналына тез тежеу

әсерінен басқа, алғашқы деполяризация жылдамдығын төмендетеді, шыққан калий токтарын жою қасиетіне ие, реполяризация процесінің төмендетеді.
Іа антиаритмиялық препараттардың әсерінен:
Синустық ритмнің жиіленуі
Р тісшесінің кеңеюі
PQ интервалының ұзаруы (Гисс Пуркинье талшығы бойымен өткізгіштіктің нашарлауы)
QRS комплексінің кеңеюі
QT интервалының ұзаруы
Іа классының препараттары жүрек тінінің электрофизиологиялық параметріне “баяу жауап” негізінде СА, АВ түйін автоматизміне әсер етеді.
Бұл класс препараттарын қарыншаүстілік және қарыншалық аритмия емінде қолданылады.

Слайд 12

Жанама әсерлері:
1.Жүрек қантамыр асқынуы
Артериальды гипотензия
Шығару фракциясының төмендеуі
Проаритмиялық әсер, жүрек тыпырлауының “пируэт” типі дамуы
Гисс

шоғыры аяқшасының блокадасы
Дистальды АВ блокада
СТӘС
Қарынша жыбырлауы және кенеттен өлім
2. Церебральдық асқыну (дәрінің жұлын сұйықтығына енуі)
“жеңіл” бас ауру, бас айналу, көрудің бұлдырлауы, тремор
“ауыр” диплопия, көру алаңының қысқаруы, естудің төмендеуі, психоз
3. Асқазан ішектік асқыну
Диарея
Жүрек айну, құсу
4. Басқа асқынулар
Зәр шығарудың бұзылысы
Глаукома
Рейно синдромы, миалгия, миозиттер
Қарсы көрсеткіштері:
СА блокада, АВ блокада ІІ және ІІІ дәрежесі, қарыншаішілік блокада
ЖЖ кардиомиалгиямен, СТӘС, Артериальды гипотензия

Слайд 13

І В класс

Бұл классқа лидокаин, тримекаин, микселетин (мексетил), дифенин және т.б. Бұл препараттар

көбінесе Гисс Пуркинье жүйесі жасушаларына және қарынша миокардына, әсіресе жүрек бұлшықетінің органикалық өзгерістері кезінде алғашқы деполяризация жылдамдығына әсер көрсетеді. Жүрекше деполяризация жылдамдығына әсер етпейді.
Іа классынан ерекшелігі калий каналына және реполяризация процессінің баяулауына әсер етпейді.
Ів классының антиаритмиялық препараттары тек қарыншалық аритмияларда қолданылады, көбінесе реципрокты қарынша тыпырлауында, “пируэт” типінде, жүрек гликозидімен интоксикациясында пайда болған.

Слайд 14

Жанама әсерлері:
Лидокаин және микселетин ең қауіпті препарат болып саналады. Ем кезінде
ұйқышылдық
бас

айналу, есінен адасу, сезімталдықтың бұзылысы,
тремор, дизартрия
клоникалық, клонико-тоникалық ұстамалар туғызады.
Қарсы көрсеткіштері:
гисс шоғыры аяқшасының толық блокадасы
Артериальды гипотензия
Шығару фракциясының төмендеуі (25 %)

Слайд 15

Іс класс

Бұл препараттар қатарына этмозин, этацизин, пропафенон, аллапинин т.б. Бұл препараттар тіндерде “тез

жауап” арқылы ӘП О фазасына айқын тез жойылуын шақырады, бірақ реполяризация жылдамдығына, ӘП және рефрактерлі периодқа әсер етпейді. Осы препараттардың әсері нәтижесінде Гисс Пуркинье, және де жүрекше, қарынша миокардтында қозу өткізгіштігі баяулайды. QT интервалының ұзақтығы мен рефрактерлі периодына әсер етпейді.

Слайд 16

Бұл препараттардың ерекшелігі, олар тіндерде алғашқы деполяризация процесіне “ақырын жауап” (СА түйін,АВ түйін)

арқылы әсер етеді. Iс классының препараттары кең спектрлі және қарыншаүстілік, қарыншалық ритм бұзылыстарында тиімділігі жоғары. Олар суправентрикулярлық және қарыншалық экстрасистолияда, реципрокты тахикардияда, WPW синдромында қолданылады.
Жанама әсері:
СА блокада
АВ блокада
Неврологиялық бұзылыстар
Асқазан ішектік бұзылыстар
Қарсы көрсеткіштері:
СТӘС
Қарыншаішілік өткізгіштің бұзылысында
АВ блокада II және III дәрежесі
Өкпенің обструктивті ауруларында

Слайд 17

II класс-Β адреноблокаторлар

Бұл препараттар қатарына пропранолол, тимолол, окспренолол, пиндолол, метопролол, атенолол т.б.

В адреноблокаторлардың антиаритмиялық әсері, катехоламиндердің жүрекке аритмогенді әсерін жоюына байланысты, себебі олардың жоғары тиімділігі қарыншаүстілік және қарыншалық аритмияларда көрінеді, симпатико адреналық жүйенің жоғары активтенуіне немесе физикалық күштемеге байланысты. В адреноблокаторлар кенеттік диастолалық жылдамдыққа әсер етеді, әсіресе Пейсмейкер жасушаларына, сол себепті бұл препараттар СА,АВ түйін автомотизмін басады. Және бұл препараттар тобы импульстардың антероградты өткізгіштіктігін басады, мысалы Кент шоғыры арқылы. Миокард инфарктын алған науқастарда кенеттен өлімді азайтады.

Слайд 18

В адреноблокаторлар тиімді:
Синустық тахикардияның барлық түрінде (тек гликозидік интокцикацияда)
Қарыншаүстілік пароксизмалды тахикардияда
Жүрекшелердің пароксизмальды жыбырлауында

WPW синдромы
Қарыншалық аритмияларда, көбінесе туа пайда болған QT интервалының ұзаруында және митральды клапанның пролапсында
Катехоламиндік аритмияда, физикалық күштеме кезінде пайда болатын.
ЖИА, МИ өткізген науқастарда
АГ

Слайд 19

Класс III-калий каналдарының блокаторы

Бұл препараттар тобына амиодорон (кордарон), соталол және бретелий жатады, әрқайсысы

өзара әртүрлі антиаритмиялық әсер ету механизмдерімен ажыратылады. Бұл класстағы үш препаратты біріктіретін қасиетіне, реполяризацияның баяулауы ( ӘП 2 және 3 фазасы), ӘП және СА түйіннің, АВ өткізгіштігінің рефрактерлік периодын, Гисс Пуркинье жүйесін, қосымша жолдардын (Кент шоғы) ұзартады. Реполяризациясынын баяулауы калий каналының блокадасына байланысты, ол өз кезегінде ӘП 2 және3 фазасына жауапты. Бұл әсер QT және PQ(R) интервалының ұзаруымен көрінеді.

Слайд 21

III класс препараттарының (амиодарон, соталол) антиаритмиялық тиімділігі жоғары, себебі жүректің электрофизиологиялық көрсеткіштеріне әртүрлі

әсер көрсетеді:
Калий каналының блокадасы, ӘП ұзаруы
тез натрий каналының блокадасы, деполяризацияның баялауына және QRS комплекстің ұзаруы
Баяу кальций каналдарының блокадасы, АВ өткізгіштігінің баяулауы
В адреноергиялық рецептордың селективті емес блокадасы, СА түйінің автоматизмінің азаюына
Қолданылуы:
Карыншалық аритмияда, көбінесе миокардит және СЖЖ
Жүрекшелердің жыбырлауы мен тыпырлауында
WPW синдаромында АВ реципрокты тахикардия ұстамасында
Жүрекшенің пароксизмальды жыбырлауының профилактикасында
ЖИА

Слайд 22

Жанама әсерлер:
Интерстициальды пневмонит
Қалқанша без қызметінің бұзылысында
Дерматологиялық улылығы
СТӘс және АВ блокада
Қарсы көрсеткіштері:
СЖЖ ІІБ және

ІІІ дәрежесі
Кардиогенді шок және коллапста
АВ блокада, ІІ дәрежесі
Жүрек гликозидімен улануға байланысты аритмия
СТӘС
QT интервалының ұзаруында
Қалқанша безінін дисфункциясында

Слайд 23

Класс IV – баяу кальций каналдарының блокаторы (антагонисты кальция)

Бұл антиаритмиялық класс екі препаратпен

верапамил және дилтиаземмен берілген. Бұл препараттардың антиаритмиялық әсер етуі баяу кальций каналдарына блокада жасап, тіндерге “баяу жауап” арқылы әсер жасау. Осының нәтижесінде бастапқы деполяризация жылдамдығы мен спонтандық диастолалық деполяризацияның төмендеуі.
Баяу кальций каналы блокаторынын электрофизиологиялық тиімділігі келесі қасиеттермен сипатталады:
СА, АВ және басқада эктопиялық орталықтардың автоматизмінің төмендеуі
АВ өткізгіштікті ауырлату
жүрекше, қарыншалардағы және Гисс Пуркинье талшықтарындағы қалыпты өткізгіштікті сақтау
Қарыншалардың жыбырлау табалдырығын жоғарлатады

Слайд 24

Қолданылуы:
Қарыншаүстілік жүрек ритмінің бұзылысында
Қарыншаүстілік пароксизмальды тахиаритмияда, көбінесе АВ реципрокты тахикардияда
Жыбырлау аритмиясынын ЖСЖ азайту

үшін
Қарыншаүстілік экстрасистолияда
Жанама әсерлер:
СА және АВ блокада
Артериальды гипотензия
СТӘС
Қарсы көрсеткіштері:
СТӘС және айқын брадикардия
Ауыр СЖЖ
Артериальды гипотензия

Слайд 25

Антиаритмиялық препараттардың берілу мөлшері

Имя файла: Антиаритмиялық-терапия.pptx
Количество просмотров: 66
Количество скачиваний: 0