Бір бөлімді және көп бөлімді қарындардың қимылы.Асқорыту ерекшеліктерінің реттелуі презентация

Содержание

Слайд 2

Ас қорыту деп сыртқы ортадан организм қабылдаған қоректік заттардың күрделі

Ас қорыту деп сыртқы ортадан организм қабылдаған қоректік заттардың күрделі қосылыстарының

денеге жеңіл сіңетін қарапайым құрамаларына ыдырауын қамтамасыз ететін процестердің жиынтығын айтады.
Ас қорыту ағзаларының негізгі қызметі - қабылданған азық құрамындағы қоректік заттарды организмге жеңіл сіңетін қарапайым қосылыстарға айналдырып, оларды ішектің қабырғасы арқылы қанға өткізу. Мысалы, азық құрамындағы белоктар - амин қышқылдарына, майлар - глицерин мен май қышқылдарына, ал көмірсулар – жүзім қанты не басқа моносахаридтерге айналғанда ғана денеге қан арқылы тарап, сіңе алады.
Малдың ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып, тік ішекпен бітеді де, ұзына бойына бірнеше рет кеңейіп–тарылып отырады.
Слайд 3

Слайд 4

Қарындағы ас қорыту Қарын — ventriculus, s. gaster — азық

Қарындағы ас қорыту

Қарын — ventriculus, s. gaster — азық қорыту

түтігінің қапшық тәрізді
кеңейген бөлігі. Ол сөл бөлу, механикалық (азықты қозғау, араластыру, сығу) және биологиялық (микроорганизмдердің көмегімен көп бөлімді қарынның алдыңғы бөлімдерінде) өңдеу, қорыту (сөлқұрамындағы ферменттердің қатысуымен күрделі органикалық заттарды белоктарды қарапайым құрамына ыдырату), қорытылған қоректік заттарды сіңіру, ыдырау өнімдерін бөлу (экскреция) қызметтерін атқарады.
Мал жұтқан азық жентегі өңеш арқылы қарынға өтеді де, онда жиналып, механикалық жəне химиялық өңдеулерге ұшырайды. Қарында болған уақыт ішінде азық бөрітіп, сұйылып, еріп, сілекей мен қарын сөлінің əсерінен ыдырай бастайды. Қарында қоректік заттар ыдыраудың тек алғашқы сатыларынан өтеді. Химиялық процестердің үстіртіндігіне қарамастан қарындағы өңдеу деңгейінің азықтың дұрыс қорытылып, сіңуі үшін рөлі өте зор. Мал қарыны жалғыз не көп (екі-төрт) бөліктен тұрады, сондықтан қарын жалғыз жəне көп бөлімді болып жіктеледі. Көп бөлімді қарынның тек бір ғана бөлімінде құрамында ферменттері бар қарын сөлі бөлінеді, оны нағыз қарын деп атайды.
Слайд 5

Қарынның бөлінуі

Қарынның бөлінуі

Слайд 6

Қарынның қимылдары. Қарын қабырғасының жынды (қарындағы қойыртпақты) араластыруға, ішекке қарай

Қарынның қимылдары.

Қарын қабырғасының жынды (қарындағы қойыртпақты) араластыруға, ішекке қарай жылжытып, қарыннан

ішекке өтуіне мүмкіндік беретін əрекеттерінің жиын-тығын қарын қимылыдеп атайды. Ол қарын қабырғасының
талшықтары үш бағытта орналасқан етті қабығының жиырылуы-мен байланысты.
Ашқарын жағдайында қарын қабырғасының етті қабаты
ширығу жағдайында болады. Аштық ұзаққа созылған жағдайда
əрбір 60-90 минут сайын 20-40 минут бойына қарын оқтын-оқтын жиырылып отырады («Аштық əрекет»). Осы жиыры-лулар гуморальдық факторлармен қабаттасып, аштық түйсігін күшейтеді жəне азық берілгенге дейін мезгіл-мезгіл қайталанып отырады. Азықтандыру үстінде жəне азықтандырғаннан соң
қарын босаңсиды да, 20-40 минуттан кейін (азықтың сипатына
қарай) оның жиырылуы, əсіресе, қарын кіреберісінде (антральдық
бөлікте) күшейеді
Слайд 7

Қарын қабырғасының етті қабығының жеке-жеке қабаттарының əрекетіне байланысты қарында бірнеше

Қарын қабырғасының етті қабығының жеке-жеке қабаттарының əрекетіне байланысты қарында бірнеше жиырылу

түрлері байқалады.

Перистальтикалық жиырылу бір фазалы төменгі амплитудалы, минутына 3-4 рет қайталанатын əрекет. Ол етті қабықтың сақинаша қабатының əрекетінен туындайды. Əрбір жиырылу толқыны 5-20 секундқа созылады.
Ширықпа жиырылу етті қабықтың бойлама жəне қиғаш қабаттарының толқын тəрізді жиырылуларынан туындайды. Ширықпа жиырылу толқындары күштірек, ұзағырақ, минутына 2-4 рет жиілікпен қайталанады да, əрбір толқын 15-30 секундқа созылады. Аталған жиырылу толқындары қарын қуысындағы
қы сымды жоғарылатып, жынның қарын сөлімен араласуына жағдай туғызады. Жынның терең орналасқан ортаңғы бөліктері араласпай, тығыз күйінде жатады.
Систолалық жиырылу қарын кіреберісінен басталып, 60 секундқа дейін созылады. Ол қарын қуысындағы қысымның жоғары кезінде туындайды да, жынның белгілі бір үлесін ішекке өткізеді.

Слайд 8

Қарынның жиырылуы баллонографиялық, рентгенографиялық, электромиографиялық əдістермен зерттеледі (82-сурет). Қарын қимылының

Қарынның жиырылуы баллонографиялық, рентгенографиялық, электромиографиялық əдістермен зерттеледі (82-сурет).
Қарын қимылының реттелуі. Қарынның

бірыңғай салалы еттерінің қызметі қабырғалық(интрамуральдық) жəнеқабырғадан тыс (экстамуральдық) тетіктермен реттеледі. Қабырғалық рет- теу тетігін Ауэрбах (етті қабықта орналасқан) жəне Мейснер өрімдері (кілегейлі қабық астында орналасқан) қамтамасыз етеді. Осы құрылымдар қарын қабырғасы автоматизмінің негізі болып табылады.
Экстамуральдық реттеу тетігін парасимпатикалық жəне сим- патикалық жүйкелер қалыптастырады. Қарын мен ұлтабар ұшы- нан орталыққа (сопақша жəне ортаңғы миға) қозу импульстері кезеген жүйке мен құрсақтық симпатикалық жүйке арқылы бе- ріледі. Қарынға орталықтан қозу толқыны кезеген жүйке арқылы берілсе, қарын қимылы күшейеді, симпатикалық жүйке арқылы берілсе, бəсеңдейді.
Қарын қимылы гуморальдық жолмен де реттеледі. Гастрин, гистамин, холин, ацетилхолин, калий иондары оны күшейтсе, энтерогастрин, адреналин, норадреналин, кальций иондары əлсіретеді.
Слайд 9

82-сурет. Қарын қимылдарын тіркеу əдісі

82-сурет. Қарын қимылдарын тіркеу əдісі

Слайд 10

Жылқы қарнындағы ас қорыту Жылқы қарны бір бөлімнен тұрса да,

Жылқы қарнындағы ас қорыту

Жылқы қарны бір бөлімнен тұрса да, оның өзіне

ғана тəн құрылымдық ерекшеліктері болады, сондықтан қарын қызметінде біршама өзгешеліктер байқалады. Өңештің қарынмен жалғасқан жерінде безсіз кілегейлі қабықпен қапталған күмбез тəріздес қа- рын құрышы болады. Ол қарынның безді фундальдық жəне пило- рус аймақтарынан жіңішке ғана кардиалық белдеумен бөлінеді (83-сурет). Қарынның жалпы сыйымдылығы 10-15 л шамасында.
83-сурет. Жылқы қарнының кілегейлі қабығындағы аймақтар: 1 - өңеш; 2 - қарын құрышы; 3 - кардиалық аймақ; 4-қарыны түбі; 5 - пилорус аймағы
Слайд 11

Слайд 12

Шошқа қарнындағы ас қорыту Шошқа қарыны бір бөлімнен тұрғанымен, құрылысы

Шошқа қарнындағы ас қорыту

Шошқа қарыны бір бөлімнен тұрғанымен, құрылысы жағы- нан

күрделі. Оның жалпы сыйымдылығы 6,5-9 л немесе ас қорыту жолының 1/3-не жуық. Қарынның кілегейлі қабығында бес аймақ болады (87-сурет).
Өңештің көп қабатты жалпақ эпителийі кіші иін бойымен біршама жерге созылып, безсіз өңештік аймақ түзеді. Үлкен иін бойымен кілегейлі қабықтың көп аумағын (жартысына жуығын) қамтып кардиалық аймақ орналасады. Осы кардиалық аймақтың басталған жерінен күмбез тəрізді қарын қалтарысы (дивертикула) шығып тұрады. Бұл безсіз бөлім қарынның негізгі қуысынан арнау- лы қатпарлармен бөлектенеді. Кардиалық аймақтың түтікше бездері негізгі жəне қосымша торшалардан құралып, сілтілік реакциялы, құрамында шырыш жəне аз мөлшерде пепсиноген бар сөл бөледі.
Қарынның кілегейлі қабығының қалған бөлігін түптік жəне пилорус аймақтары алып жатады. Бұл аймақтарда бөлінген қа- рын сөлі құрамы мен қасиеттері жағынан ит қарнының сөліне ұқсас. Қарын түбі бездері сөлінің тығыздығы 1,007, құрамында 0,31- 0,35 пайыз тұз қышқылы болады.
Слайд 13

Слайд 14

Шошқа қарнында азық жақсы араласпайды да, жұтылған ретіне қарай көлденең

Шошқа қарнында азық жақсы араласпайды да, жұтылған ретіне қарай көлденең түрде

қабат-қабат болып орналасады (88-сурет). Сондықтан ол қарын сөлін біртіндеп сіңіреді де, қарында екі түрлі процесс - көмірсулар мен белоктардың ыдырауы, қатар жүреді. Көмірсулар қарын қалтарысында, өңештік аймақта, қышқыл сөл сіңіп үлгермеген жынның терең қабаттарында сілекей ферменттері мен микроорганизмдердің əрекетінен ыды- райды. Көмірсулар ыдырауының нəтижесінде мальтоза, глюкоза жəне ашу өнімдері - сүт, сірке қышқылдары, майлы қышқыл, газдар бөлінеді. Жалпы алғанда, қарында жеңіл қорытылатын көмірсулардың 20 пайызына жуығы ыдырайды. Жын қышқыл сөлді сіңіре келе көмірсулардың ыдырауы баяулап, тоқтайды да, белоктардың ыдырау процесі басталады.
Слайд 15

87-сурет. Шошқа қарнының кілегейлі қабығындағы аймақтар: 1 - өңеш; 2

87-сурет. Шошқа қарнының кілегейлі қабығындағы аймақтар: 1 - өңеш; 2 -

безсіз аймақ; 3 - қалтарыс (дивертикула); 4 - кардиалық аймақ; 5 - қарын түбі; 6 - пилорус аймағы

88-сурет. Квасницкий полизонды: А - поли- зонд, Ə - оның қарындағы бейнесі. 1,2,3,4 - полизонд қабаттары, а - негізгі түтіктегі тесіктер, б - шығарушы түтікшелер, в - тығын

Слайд 16

Күйіс малының қарнындағы ас қорыту ерекшеліктері Күйіс малы қарнының құрылысы

Күйіс малының қарнындағы ас қорыту ерекшеліктері

Күйіс малы қарнының құрылысы өте күрделі,

ол төрт бөлімнен тұрады. Олар мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ жəне ұлтабар (90-сурет). Алғашқы үш бөлімді алдыңғы (қосалқы) қарын, ал ұлтабарды – нағыз қарын деп атайды. Түйе қарны үш бөлімнен тұрады, оларда қатпаршақ болмайды. Алдыңғы қарынның кілегейлі қабығы көп қабатты жалпақ эпителийменқапталады, онда без болмайды. Қарынның əр бөлігінің өзіне тəн ерекшеліктері болады.

90-сурет. Күйіс малының қарыны: 1 - мес қарын; 2 - өңеш; 3 - өңеш науасы; 4 - жұмыршақ; 5 - қатпаршақ; 6 - ұлтабар; а - дорсальдық (үстің- гі) қапшық, ə -вентральдық (астыңғы) қапшық, б - кіреберіс, в - үстіңгі құрыш, г - астыңғы құрыш

Слайд 17

Слайд 18

Имя файла: Бір-бөлімді-және-көп-бөлімді-қарындардың-қимылы.Асқорыту-ерекшеліктерінің-реттелуі.pptx
Количество просмотров: 64
Количество скачиваний: 0