Мәдениеттің даму заңдылықтары презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
Мәдениет және өркениеттілік
Философия- ғылымында мәдениеттің рөлі
Мәдениет негіздері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Слайд 3

Кіріспе:

"Мәдениет” термині латын сөзінен шыққан, алғашында мәдениет деп табиғи себептерден туындаған өзгерістерге

қарағанда, адамның әсер етуімен болатын табиғи объектідегі барлық өзгерістер түсіндірілді. Кейінірек "мәдениет” сөзі жинақталып, қорытылды, сөйтіп онымен адам қолымен жасалғанның барлығы атала бастады. Осы тұрғыдан алып қарасақ, мәдениет алғашқыда жаратылыста табиғаттың үстіне адам қолымен жасалған "екінші табиғат” ретінде көрінеді. Мәдениет материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін қамтиды. Бұл - мәдениетке жалпы философиялық көзқарас.

Слайд 4

Негізгі бөлім

Мәдениет пен өркениеттілік- бұл 2 ұғым біріне-бірі өте жақын. Бірақ

бір емес. Мәдениет-адам баласының ақылмен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өңдеген заты, құбылыс. Оның 2 түрі бар: бірі-материалдық жасанды дүние: үй, өндіріс,киім-кешек, т.б. Екіншісі-рухани дүние: ертек, өлең-жыр, діни ғылыми ұғымдар т.б. жатады.

Слайд 5

Философиялық тұрғыда мәдениет пен қоғам өзара тікелей байланысты.Мәдениет қоғам жағдайына тәуелді.Дүниежүзілік мәдениеттің дамуы

мәдениеттің бір сатыдан екінші сатыға көтерілуі,ол қоғамдық экономикалық формациялар ауысуымен анықталатын процесс,яғни мәдениеттің мазмұны қоғамдағы өзгерістерге тәуелді болады.

Слайд 6

Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті бар, мәдениет-адам іс-әрекетінің саналы қызметінің көрінісі.

Слайд 7

Ресми әдебиетте:

“Саяси мәдениет”
“Экономикалық ойлау мәдениеті”
“Адамгершілік мәдениеті”
“Тәрбие мәдениеті”
“Ұлтаралық қатынас мәдениеті”
Бұлардың әрқайсысы философия

мен мәдениеттің арақатынасы қоғамның рухани өмірінде орын алатын келелі,күрделі құбылыс екенін бөліп қарау қажет.

Слайд 8

Мәдениет туындысы дегеніміз адам тұрмысының затқа айналған мәні.Бұдан мәдениет дайын зат ретінде,заттық түр

ретінде өмір сүреді деген қорытынды жасауға болады.

К.Маркс

Слайд 9

Азаматтық мәдениет

Ұлттық мәдениет

Халықтық дәстүр

Мәдениет мазмұны

Слайд 10

Еңбек неғұрлым күрделі болған сайын,мәдениет те жаңа сипат алып отырады.Алғашқы еңбек бөлінісінен қазіргі

кезеңге дейін еңбек материалдық өндіріс мәдениетін жетілдірудің негізі болып келеді.Егер садақ пен жебе,жүген мен үзенгі,кәдімгі дөңгелек бір кезде адамның табиғатпен байланысындағы төңкерістің куәсі болса,бүгін ғылыми техникалық революция жетістіктері де,өңдірістегі жаңа техника мен технология да материалдық мәдениеттегі төңкерісті білдіреді.

Слайд 11

Табиғат-мәдениет дамуының
алғышарты бола отырып,
көп жағдайда сол мәдениет
көріністерінің табиғи
процестерге тікелей
араласуы салдарынан не

көркейіп,
не құлдырап,
азып тозып кетуі мүмкін.

Слайд 12

Мәдениет тарихында Аристотель өз есімімен аталатын дәстүрлі логикалық негізін қалаушы.Логикалық тұжырымдар бүкіл ортағасырлар

бойы өзгеріссіз қолданылып,тек жаңа заманнан бастап оның екінші белесі,яғни қазіргі математикалық және символикалық логиканың даму кезеніне дейін өмір сүрді.

Слайд 13

Көптеген деректерге сүйенсек,көшпелі қазақ халқының мәдениеті бай,өркениеті жоғары болғанын байқатады. Өркениет қашанда адамгершілік

деген ұғымға жақын келеді.Мәдениет пен өркениеттілік тарихта ұдайы қатар жүріп келеді.Мәдени көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын,адам еркіндігі де соғұрлым арта түседі.

Слайд 14

Қорытынды

Мәдениет-философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теорялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет ұғымы қоғам

өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі пайдаланылады. Ол саналы іс-әрекет жемісін даму процесінде көрсетуге бағытталған. Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты әрбір халықтың өзіне ғана тән дәстүрлері болады.
Имя файла: Мәдениеттің-даму-заңдылықтары.pptx
Количество просмотров: 27
Количество скачиваний: 0