Вирустар генетикасы. Вирустық геномның ұйымдасуы. Вирустық геномдардың репликациясы презентация

Содержание

Слайд 2

Кіріспе Негізгі бөлім Вирустарға сипаттама Вирустардың түрлері, құрылысы және құрылымы

Кіріспе
Негізгі бөлім
Вирустарға сипаттама
Вирустардың түрлері, құрылысы және құрылымы
ДНҚ-лы және РНҚ-лы вирустар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Жоспар:

Слайд 3

Кіріспе Вирус (лат. vīrus — «у») – тірі организмдердің ішіндегі

Кіріспе

Вирус (лат. vīrus — «у») – тірі организмдердің ішіндегі клеткасыз  тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин

қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан –кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі.
Слайд 4

Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің алатын орны

Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол

XІX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д. И. Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар  байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У. Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін тапты.
Слайд 5

Вирустар 2 түрлі формада тіршілік етеді: Вирион – клеткадан тыс

Вирустар 2 түрлі формада тіршілік етеді:

Вирион – клеткадан тыс формасы, құрамында

барлық құрылымдық элементтері – капсид, нуклеин қышқылы, құрылымдық белоктар, ферменттер болады.
Вирустар – клетка ішілік формасы, тек нуклеин қышқылының бір түрінен ғана тұруы мүмкін, себебі вирион клеткаға енгенде құрылымдық элементтер ыдырайды.
Слайд 6

Вирустардың микроорганизмдерден айырмашылығы: Вирус бөлшектерінің ең кішісі 20-30нм, ірілері 300-400нм;

Вирустардың микроорганизмдерден айырмашылығы:
Вирус бөлшектерінің ең кішісі 20-30нм, ірілері 300-400нм;
Клетка құрылымы болмайды;
Тіршілік

ету формасы облигатты клетка ішілік паразитизм немесе генетикалық паразиттер.
Тіршілікте қайталанбайтын вирустардың уникальды қасиеттері:
Құрамында нуклеин қышқылының бір ғана түрлерінің болуы ДНҚ мен РНҚ;
Вирустарда автономды зат алмасу процесінің болмауы;
Дизъюнктивті репродукциялануы – вирустар шашыранды жолмен көбейеді.
Слайд 7

Вирустарды құрылымына қарай 2-ге бөледі: Жай – нуклеокапсидтің сыртында қосымша

Вирустарды құрылымына қарай 2-ге бөледі:

Жай – нуклеокапсидтің сыртында қосымша қабат болмайтын

вирустар жатады. Жай вирустар химиялық табиғаты нуклеопротеиндер болып табылады. Мысалы, темекі теңбілі вирусы, сүйел вирусы және аденовирустар.
Күрделі – нуклеокапсидті жауып жатқан қосымша суперкапсид деп аталатын қабат болады. Бұл қабат липопротеинді немесе белокты, яғни мұндай вирустарда қосымша химиялық компоненттер – липидтер, көмірсулар болады.
Слайд 8

Вирустардың құрылысы Вирустық бөлшек – нуклеин қышқылының бір клеткадан екінші

Вирустардың құрылысы

Вирустық бөлшек – нуклеин қышқылының бір клеткадан екінші клеткаға тасымалдануға

қабілетті құрылым.
Вирион – жеке бүтін вирустық бөлшек.
Жалпы барлық вирустар біркелкі принцип бойынша құралған – олар белоктық қабат капсидтен қоршалған, нуклеин қышқылынан тұрады.
Нуклеин қышқылы вириондардың ортасында орналасады, вирусты информацияға жауап беретін вирус геномы болып табылады.
Капсид – нуклеин қышқылымен комплекс түзетін белоктық қапшық.
Нуклеокапсид – нуклеин қышқылы мен белоктан тұратын комплекс.
Слайд 9

Слайд 10

Симметрияның спираль тәрізді немесе бұрама түрі. Мүндай жағдайда ақуыз молекулалары

Симметрияның спираль тәрізді немесе бұрама түрі. Мүндай жағдайда ақуыз молекулалары нуклеин

қышқылының ұзын бойына оралып спираль сияқты орналасады. Айтылған симметрия вирустарға түтікшеге ұқсас пішін береді. Айта кететін бір жағдай, мұндай вирустардың ақуыздарының өзара белгілі бір қалыппен жиналу ерекшелігі бар, соның арқасында біркелкі полипептид тізбегінен дұрыс орналасқан капсид пайда болады. Бұл жаналықты бірінші рет 50-ші жылдары темекі ауруының вирусын зерттеген ғалымдар Шрамм мен Френкель-Конрат ашты. Осындай орналасу ерекшеліктері генетикалық материалдың аса үнеміді жұмсалуына мүмкіндік береді. Мысалы, спираль тәрізді симмерия темекі вирус, құтыру вирус, парамикса вирусына тән.
Слайд 11

Куб тәрізді немесе икосаэдралық симметрия. Бұл симметрияның құрамы 20 қырлы

Куб тәрізді немесе икосаэдралық симметрия. Бұл симметрияның құрамы 20 қырлы көпбұрышқа

ұқсайды, яғни өзара бірдей 20 үшбұрыштан тұрады. Әрбір үшбұрыштың қабырғасы, төбесі және қыры бар. Капсомер-лер екіден (димер), үштен (тример), төрттен (квадример), бестен (иентамер), алтыдан (гексомер) өзара бірігіп вирусқа белгілі бір пішін береді, вирустар осыған сәйкес әр түрлі болады. Куб тәрізді симметриядан туратын вирустардың көбінің сыртқы қабықшасы жоқ (оларға иридовирустар, аденовирустар, паповавирустар, реовирустар, калицивирустар, пикорнавирустар, парвовирустар жатады).
Слайд 12

Слайд 13

Слайд 14

Слайд 15

Ретровирустар геномы Ретровирустардың геномы бірдей екі РНҚ молекулаларынан тұрады. Вирустық

Ретровирустар геномы

 Ретровирустардың геномы бірдей екі РНҚ молекулаларынан тұрады. Вирустық геномдардың репликациясы

бір -бірімен ерекшеленетін құрамдардан тұрады:
Екі жіпшелі ДНҚ
Бір жіпшелі ДНҚ
Оң бір жіпшелі РНҚ
Теріс бір жіпшелі РНҚ
Екі жіпшелі РНҚ ұқсас оң жіпшелі РНҚ
Слайд 16

Екіжіпшелі ДНҚ-вирустардың репликациясы әдеттегідей жартылай концервативті механизммен жүреді: ДНҚ-ның жіптері

Екіжіпшелі ДНҚ-вирустардың репликациясы әдеттегідей жартылай концервативті механизммен жүреді: ДНҚ-ның жіптері сөгілгеннен

кейін оларға комплиментарлы жолмен жаңа жіпшелер қосылады.Бір аналық пен бір жаңадан түзілген жіпшеден тұрады. Біржіпшелі ДНҚ- вирустарының жалғыз өкілі - парвовирустар болып табылады. ДНҚ-полимеразаларды репликациялық түрі деп аталатын екіжіпшелі вирустық геномның құрылуына пайдаланады. РНҚ-да болатын вирустардың геномикалық репликация әдістері Оң-біржіпшелі РНҚ-вирустарға - пикорнавирус,флавивирус,тогавирустар жатады,геномдық оң жіпшелі РНҚ-лы аРНҚ-ның қызметін атқарады. Теріс- біржіпшелі РНҚ-вирустарының құрамында (ортомиксовирустарда, парамиксовирустарда, рабдовирустарда) РНҚ-тәуелді РНҚ-полимераза болады. Екіжіпшелі РНҚ-вирусы (ротавирус,реовирус) репликациялану механизміне терңс болады,жасуша цитоплазмасында жүреді. Ретровирустар (ұқсас оң-жіпшелі РНҚ) терісжіпшелі ДНҚ синтездейді.Содан соң қосарланған ДНҚ жіпшелі жасуша хромосомасымен интеграцияланып, провирус құрайды. Вирустардың қалыптасуы вириондар өздігінен жиналу жолымен қалыптасады: вириондардың құрам бөліктері вирусты жинақтайтын жасуша цитоплазмасына немесе ядро саласының орнына тасымалданады.
Слайд 17

Имя файла: Вирустар-генетикасы.-Вирустық-геномның-ұйымдасуы.-Вирустық-геномдардың-репликациясы.pptx
Количество просмотров: 114
Количество скачиваний: 0