Жасөспірімдер мен балалар организіміне темекінің әсерінің зияндылығын анализдеу презентация

Содержание

Слайд 2

Тақырыптың өзектілігі

Қазіргі таңда жасөспірімдер мен балалардың темекі шегуі басты проблемалардың бірі болып табылады.

Себебі темекі жас организмді тез улайды. Соның салдарынан балалардың сабақ үлгерімі нашарлап, дене активтілі азайып, қартаю процесі ерте басталып кетеді.Ал жастар денсаулығы ол мемлекет қазынасы болғандықтан жасөспірімдермен балалар арасында темекі шегудің зияндылығын айқындап көрсеті мақсатында осы тақырыпты таңда азайту үшін осы тақырыпты таңдап отырмын.
Тақырыптың өзектілігін барынша ұғыну мақсатында әлемдегі, республикадағы, облыстағы, қаладағы статискалық мәліметтерге көз жүгіртсек.

Түйінді сөздер: #жасөспірімдер #темекі #жасөспірімдерденсаулығы #балалар #балаларденсаулығы #денісауұрпақ #темекісізөмір #темекізияндылығы #сауалнама

Слайд 3

Статистика

Слайд 4

Зерттеу мақсаты:
Жасөспірімдердің мен жас балалар ағзасына темекінің әсерін анализдеу.
Темекінің жасөспірімдер мен

жас балалар ағзасына тигізер зияндылығын көрсету.
Жасөспірімдер мен жас балалардың арасындағы темекі шегу көрсеткішін азайту мақсатында жаңа идея ұсыну.
Зерттеу міндеті:
Әдебиеттерді оқу
Зерттеу әдісін таңдау және сипаттау
Зерттеуді жүргізу
Зерттеуді анализдеу
Қорытынды шығару және өніи ұсыну
Ақпарат көздері

Слайд 5

Теориялық негізі

Темекі тарихы
“ Темекі ”деген сөз Тобого деген арал атынан шыққан . 1492

жылы 15 қазанда орталық Америка жағалауларына келген испан матростарының айтуынша, “ tobacco ” деген сөзбен жергілікті тұрғындар дәстүрлі темекі шегуге арналған үлкен кептірілген жапырақтарды атаған. 1959 жылы Португалиядағы француз елшісі Жан Нико Франция елінің ханшайымы Екатерина Медичиге үздіксіз бас ауруынан сауығуға көмектеседі деп темекінің жапырағы мен тұқымын сыйға тартады. Осыдан көп ұзамай – ақ, бүкіл Францияда темекі иіскеу сәнге айналды.Жан Никоның құрметіне өсімдік латынша “ Nicotiuna ” деген атты иеленді, ал ХІХ ғасырдың басында одан бөлінетін алколоид “ Никотин ” деп аталды.

Слайд 6

Темекі түтінінің құрамы

Слайд 7

Өкпе

Көкірек қуысында, жүрек пен үлкен тамырлардың жанында, омыртқа жотасының артынан алдыңғы көкірек аралықпен

бір-бірінен бөлінген плевра қапшықтарында орналасқан жұп мүше. Оң жақ өкпе сол жақ өкпеге қарағанда көлемділеу, қысқалау, кеңдеу, өйткені, біріншіден, көк еттің оң жақ күмбезі сол жақ күмбезунен жоғарылау тұрады, екіншіден, жүрек солға қарай орналасып, сол жақ өкпенің енін азайтады. Әрбір өкпе конус пішінді, оның бұғанадан 2-3 см шығатын жері ұшы (apix), төмен қараған бөлігін негізі не табаны деп атайды.Өкпенің қабырғаларға жанасып жатқан беті дөңес, жүрекке жанасып жатқан беті ойыс келеді. Өкпенің үш беті бар: төменгі көк етпен жалғасқан беті не диафрагмальді беті, кең қабырғалық беті және ішкі не медиалдьді беті.

Слайд 8

Өкпенің құрылысы.

Өкпе қақпасы арқылы өкпе ішіне кірген басты бронхылар бөліктер бронхыларына бөліне бастайды.

Бөліктік бронхылар өкпе затының ішінде, өкпенің белгілі бір учаскелерін – сегменттерін желдететін болғандықтан, сегменттік деп аталатын ұсақтау үшінші бронхылар бөліп шығарады. Сегмент дегеніміз – дәнекер тінмен қоршалған қан тамыры, жүйкесі бар өкпе бронхысының бір бөлімі. Әр бөлікте орта есеппен 10 сегменттен бар. Сегменттік бронхылар. Сегменттік бронхылар өз кезегінде одан да ұсықтау 4, 5, т.т. ретті ақырғы және тыныс алу бронхиоллаларына дейін бөлінеді.

Слайд 9

Өкпе физиологиясы

Өкпенің негізгі қызметі – газ алмасу (қанды оттегімен байытып, одан көмір қышқыл

газын бөліп әкетеді). Өкпеге оттегімен қаныққан ауаның келуі және көмір қышқыл газымен байыған ауаның одан сыртқа шығарылуы көкірек қуысы қабырғаларымен көк еттің белсенді тыныс алу қозғалыстары және өкпенің өзінің жиырылғыштық қабілетінің тыныс жолдары қызметінің ұштасқан әрекеті нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Бұл кезде төменгі бөліктердің жиырылғыштық қызметімен желденуіне өкпе мен көкірек қуысының төменгі бөлімдері үлкен әсер етеді де, ал жоғары бөліктердің желдетіліп, көлемінің өзгеруі негізінен көкірек қуысының жоғары бөлімінің қозғалыстары арқылы іске асырылады. Өкпенің физилогиялық құрылымы газ алмасумен шектелмейді. Оның күрделі анатомиялық құрылысына функциональдық қызметтерінің көптігі сәйкес келеді, тыныс алу кезіндегі бронхылар қабырғасының активтігі, секрет бөліп шығару қызметі, зат алмасуға қатысуы (су, липидті және хлорлы байланысты реттеу, тұз алмасу) организмдегі қышқыл-сілті тепе-теңдігін сақтауда маңызы бар.

Слайд 10

Жүрек немесе жүрек-қан тамырлар жүйесі

Артерия – бұл жүректен мүшелерге қарай бағытта қанның

ағып өтетін тамырлары. Оның диаметрі әр түрлі болады: ең ірі артерия тамырлары – қолқа және өкпе діңгегі – жүректен шығады, өз тармақтарына қанды артерия қан тамырларымен жеткізеді. Барлық артерияларды диаметрлеріне байланысты ірі, орташа және майда, ал орналасу жеріне сәйкес мүшеден тыс және мүшеішілік деп бөлуге болады. Мүшеден тыс артериялар (ірі және орташа) қанды ағзаның әр түрлі мүшелеріне немесе дене аймақтарына жеткізеді. Олардың көбінің өзіне сәйкес атаулары болады: бүйрек, жатыр, иық, сан артериялары және т.б.. Мүшелер ішінде артериялар бірнеше рет өзінен кіші диаметрдегі (біріншілік, екіншілік, үшіншілік және т.с.с) тармақтарға бөлінеді. Осының нәтижесінде мүшеішілік, үшіншілік және т.с.с) тармақтарға бөлінеді. Осының нәтижесінде мүшеішілік артерия тамырларының жүйесі құралады. Өте нәзік артерия тамырлары артериолдар деп аталады, олар капиллярларға өтеді. Артериялардың қабырғасы өте қалындау және үш қабаттап тұрады: ішкі, ортанғы және сыртқы қабаттар. Ішкі қабат (tunica intima) эндотелий, эндотелий астының қабаты және және ішкі эластикалық жарғақтан құралады. Эндотелий тамырларды ішкі жағынан қатпайтын бір қабаты жалпақ жасушалардан тұрады. Ортаңғы қабат (tunica media) спираль бойынша орналасқан тегіс бұлшық ет жасушалары мен эластикалық талшықтардан тұрады. Сыртқы қабат (tucica adventitia) бос дәнекер тінінен құралған және өте көп қан тамырлары мен (артнрияның жеке тамыры) жүйке талшықтарынан тұрады. Ортанғы және сыртқы қабаттар арасында сыртқы эластикалық жарғақ орналасады. Артерия қабырғасында эластикалық жарғақ орналасады. Артерия қабырғасында эластикалық тіндердің болуы қан тамырларына созылғыштық және сірпінділік қасиеттер береді.

Слайд 11

Капиллярлар – майда қан тамырлары, олардың қабарғалары арқылы қан мен тіндер арасындағы барлық

алмасу процестері жүзеге асырылады. Барлық мүшелер тіндерінде тіндерінде капиллярлар тор түрінде орналасып, артериялдық жүйені веноздық жүйемен (олар тері эпидермисінде, көз мүйізгегі мен көз бұршағында, шашта, тырнақтарда, тістің эмаль және дентин қабаттарында ғана болмайды) байланыстырады. Әр түрлі мүшелердің қан капиллярларының диаметрлері 5-тен 30 мкм аралығында болады, сондықтан оларды тек қана микроскоп көмегімен көруге мүмкіндік береді. Әр түрлі мүшелердегі капиллярлар саны да әр түрлі, 1 мм2-де бірнеше ондықтан бірнеше мыңдықтарға жетеді. Барлық капиллярлардың бір уақытта тек қана бір бөлігі қызмет етеді. Қызмет ететін капиллялардың (оларды ашық деп атайды) саны мүшенің жағдайына байланысты. Бұл уақытта қызмет етпейтін капиллярлар (жабық капиллярлар) тарылған және олар қанның формалық элементтерін жібермейді. Адам денесіндегі барлық капиллярлар ішінің жалпы көлемі қолқа ішінің көлемінен 800-ге асып түседі. Соңғы мәліметтер бойынша артериолдар мен капиллярлар арасында өтпелі тамырлар – прекапиллярлар, ал капиллярлар мен венулалар арасында - посткапиллярлар болады екен.Барлық осы тамырлар – артериолдар, прекапиллярлар, капиллярлар, посткапиллярлар және венулалар барлығы бірігіп, микроциркуляторлық деп аталады. Микроциркуляция кезінде қан және тіндер арасындағы зат алмасу қамтамасыз етіледі

Слайд 12

Веналар – мүшелерден жүрекке қарай бағытта қанның ағып өтетін тамырлары. Артериялармен салыстырғанда венадағы

қан ағысы кері бағытта , яғни кіші тамырдан ірі тамырға қарай өтеді. Әрбір мүшедегі ең майда веналық тамырлар – венулалар веналардың ішкі мүшелік жүйесінің басталуына мүмкіндік береді, ол арқылы қан мүшеден тыс веналарға ағады. Мүшеден тыс веналар әр құятын вена тамырларына – жоғары және төменгі қуыс веналарына жинайды. Сонымен қатар жүрекке өкпе венасы мен жүректің тәждік синусы да құйылады. Вена қабырғалары артерия қабырғалары тәрізді үш қабаттан: ішкі, ортаңғы және сыртқы қабаттардан тұрады, бірақ бұл қабаттар сәл жұқалау және эластикалық талшықтары аз болады, бірақ бұл қабаттар сәл жұқалау және эластикалық талшықтары аз болады. Сондықтан ваналар аз серпінділеу, созылғыштығы аздау, соған байланысты қан кеткен жағдайларда қабырғалары тез жабысып қалады. Әр түрлу бұлшық ет тіндері бірдей жетілмеген. Мысалы, ми қабаттары мен көз торында бұлшық ет тіні жоқтың қасы, ал дененің төменгі жартысы мен төменгі бөліктеріндегі ауырлық күшіне қарсы қан ағатын ірі веналарда ол өте жақсы жетілген. Артериядан айырмашылығы – ваеналар қақпақшалармен қамтылған. Веналық қақпақшалар ішкі қабаттың қыртыстары болып табылады, олар қанды жүрек бағытына қарай өткізіп, оның кері ағуына кедергі жасайды. Дененің веналар ішінің жалпы көлемі артерия ішінің көлемінен артықтау, бірақ қан капиллярларының жалпы көлемінен аздау. Тамырлар жүйесінің әр түрлі бөліктеріндегі қанның ығысу жылдамдығы осыған байланысты. Тамырлар ішінің жалпы көлемі неғұрлар үлкен болса, қанның ағу жылдамдығы да соғүрлым аз болады.

Слайд 13

Жасөспірімдер арасындағы шылым шегу себептері

дәмін сезіп көру

қыздарда (модадан қалмау, өзін көрсету)

Слайд 14

Никотиннің жасөспірімдер мен балалар ағзасына әсері

Слайд 15

Уругуаяна, RS, Бразилия жасөспірімдері арасында темекі шегудің таралуы және қауіп факторларын анықтау.
Мақсат: Көптеген

темекіге қарсы профилактикалық шаралардың жүргізілуіне қарамастан көптеген жасөспірімдер мен балалар мектеп жасында темекі шегеді.Жүргізіліп отырған зерттеудің мақсаты Уругуаяна, RS, Бразилия жасөспірімдері арасында темекі шегудің таралуы және қауіп факторларын анықтау.
Әдістер: Перспективалық зерттеулер темекі жайлы сауалнамаға дербес жауап берген 12-19 жастағы,қоғамдық мектептерде білім алатын жасөспірімдер арасында жүргізілді
Нәтижесі: зерттеугі қыз балалар мен ер балалар саны бірдей 798 жасөспірім қатысты. 29,3%-ы ешқашан темекі шегіп көрмеген, 14.5%-ы 12 жасқа дейінгі аралықта темекі шегуді бастаған, 13,0%-ы күніне 1 темекі болса да шегетіндер, темекі шегетін және темекіге қолы жетімді достары барлар (5.67, 95% : 2.06-7.09), темекіге қолы жетімді және темекі ұсынатын ортасы барлар (4.21, 95% : 2.46-5.76), темекі шегуіне байланысты ата-анасына кеңес берілгендер (0.67, 95% : 0.45-0.77), өткен аптада үйінде темекіні пайдаланбағандар (0.51, 95% : 0.11-0.79), электронды темекінің зияндылығы жайлы білетіндер (0.88, 95% : 0.21-0.92)
Қорытынды: Уругуаяна, RS, Бразилия. Жасөспірімдері арасында темекі шегудің таралуы өте жоғары. Мектептерде бұл көрсеткіштерді азайту мақсатында жұмыс жасау, электронды темекі, қорқор сиякты темекінің жаңаша түрлерін пайдалануды тоқтату.

Слайд 16

Зерттеуді жүргізу: Зерттеу объектісі: ҚМК зерттелуші - студент

Сауалнама
1.Жынысы
1.Ер
2.Әйел
2,Сіз темекі тартуға қалай қарайсыз?
1.Қарсымын
2.Немқұрайлы.Бұл

әркімнің өзінің ісі
3.Оң көзқарастамын,шылым шегу адамға сенімділік береді
3.Қазір сіз темекі тартасыз ба?
1.Иә
2.Жоқ
4.Сіздің алғаш рет темекі тартуыңызға не себеп болды?
1.Қызығушылық
2.Жаңа әсерге құмарлық
3.Достарымның үгіттеуі
4.Ата-анадан үлгі
5.Ересек болып көріну
6.Басқа (жазыңыз)___________________________________________
5.Сіз темекі тартқанның зияндығы жайлы білесіз бе?
Білемін
Білмеймін
6.Сіз темекі тартуды тастағыңыз келе ме? Егер иә десеңіз, бұл сіздің қолыңыздан келе ме?
1.Темекі тастағым келеді және тастай аламын
2.Темекі тастағым келеді, бірақ тастай алмаймын
3.Темекі тастағым келмейді және тастай алмаймын
4.Темекі тастай аламын, бірақ тастағым келмейді
7.Темекі тарту ұрпақсыздыққа алып келетіні жайлы білесіз бе?
1.Білемін
2.Білмеймін
8.Сіз күніне қанша темекі шегесіз?
1.2-3
2.4-5
3.6-7
4.7 ден көп
9.Неше жасыңыздан бастап темекі шегесіз?
1.12-13
2.13-14
3.15-16
10.Темекі шегу қан тамырлар бітеп, жүрек ауруларына алып келетінін білесіз бе?
1.Білемін
2.Білмеймін

Слайд 19

Қорытынды

Жалпы сауалнама бойынша студенттер арасынан темекі пайдаланатын немесе темекіні бұрын пайдаланған 2 студент

анықталды. Соған байланысты студенттер арасында темекінің зияндылығы, бұл зиянды әдеттен қалай айырылуға болатындығы жайлы, оның қандай ауруларға әкеліп соқтыратыны жайлы лекциялар жүргізілуі қажет.

Слайд 20

Өнім

Алға қойылған мақсат балалар мен жасөспірімдер арасында темекі шегуді азайту болғандықтан, шығарылатын өнім

де осы мақсатта қарай жұмыс жасауы қажет. Жалпы ұсынылатын өнім ол никотінді анықтайтын тестілеулерді мектеп жасындағы балалар арасында жүргізу. Яғни олардың ата-аналарына осы тестті үй жағдайында жүргізуді ұсыну. Темекі шегетін жасөспірімдерді мектеп жасынан бастап анықтау және олармен жеке жұмыс жасау, темекі шегудің алдын алудағы басты күш болып табылады. Темекі шетегін балалар мен жасөспірімдерді ерте анықтап олармен және ата-аналарымен психолог жұмыс жасауы қажет. Негізгі мәселе болып баласының темекі шегетіндігіне ата-ананың реакциясы. Сондықтан тестілеуді жүргізбес бұрын, ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, психологпен әңгімелестіріп, тестілеудің кез-келген нәтижесіне дайын болуы керектігін айту. Егер баласының темекі шегетіндігін анықтаған жағдайда ашуға бармай, мәселені сабырлықлықпен шешуге болытындығын кеңес ету.
Никотинді анықтау жолдары. Экспресс тесттер
Өндіруші:МЕД-ЭКСПРЕСС-ДИАГНОСТИКА
Бағасы: 300 тг
«ИммуноХром-Котинин-Экспресс» экспресс тестін пайдалану арқылы котинин анықталады. Бұл шылым құрамында және оның зат алмасуына қатысатын зат болып табылады. Котиннің пайда болуы сыртқы факторларға тәуелді емес, тек никотиндік зат алмасуы кезінде ғана пайда болады. Сондықтан бұл алколоид темекі шегуді анықтаудағы нақты көрсеткіш болып табылады

Слайд 21

Тестілеуді жүргізу.

1-1,5 мл зәрге тест таяқшасын 30-60 секундқа батырып қою.
Тест жолағын құрғақ

таза жерге 5 минутқа қою.
Нәтижесін бағалау.
Егер бақылау аймағында алқызыл түстес бір сызық пайда болса, онда ол котинин мөлшерінің жоғарылығын көрсетеді. Демек тест оң нәтижені көрсетеді.
Ал бақылау аймағында 2 кез-келген түстес сызықтар пайда болса демек тест нәтижесі теріс.

Слайд 22

Тіркеу куәлігі

Имя файла: Жасөспірімдер-мен-балалар-организіміне-темекінің-әсерінің-зияндылығын-анализдеу.pptx
Количество просмотров: 49
Количество скачиваний: 0