Кітап оқу-жақсы әдет атты әлеуметтік жоба презентация

Содержание

Слайд 2

Нүрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан:
«Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз,

әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.»
«Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.»
Бүгінгі Қазақстан қоғамында үлкен екі мәселе бар:
Қазақстандықтардың рухани және интелектуалдық дамуы.

Слайд 3

Қазақстандықтардың рухани және интелектуалдық дамуы үшін не қажет?

Слайд 4

КІТАП ОҚУ
Қазақстандықтардың интелектуалдық дамуы мен қоса рухани өсуі үшін ең алдымен кітап оқуды

қоғамда әдет етіп қалыптастыру керек.
Себебі:
Рухани дамудың қайнар көзі-әдебиет.
Білімнің сарқырамас бұлағы-оқулық.

Слайд 5

Жобаның өзектілігі

Бүгінгі жас ұрпақтың ұлттық әдебиетке,жалпы кітап оқуға құмар еместігі қайғылы болып

тұр. Олардың қолында смартфон. Көз алдында youtube.
Әке мен ана болып жүрген ересектердінде жағдайы мәз емес. Оларда уақыт жоқ. Жұмыстан қолдары босамайды. Бірақ кешкі сериал көруге уақыт табылады.
Бұндай қиын жағдай халықтың деградациясына әкелетіні саналы адамға айдай анық. Сондықтанда,жобаның өзектілігі ұлттық қауіпсіздік мәселесі деңгейінде.

Слайд 6

Мәселенің шешімі:

Кітап оқуды Қазақстан қоғамында әдет етіп қалыптастыру.

Слайд 7

Не істеу керек?

Арнайы шаралар жиыны арқылы қалыптасқан жағдайды өзгертуге болады.
«Кітап

оқу-жақсы әдет» атты әлеуметтік жобамды қабыл алыңыздар!

Слайд 8

Балабақшаларда бүлдіршіндерге ертегілер оқу. Бұл бала кезінен оқуға қызығушылықты қалыптастырады.

Слайд 9

Қандай пайдасы бар?

Балалар халық әдебиетіне бір қадам жақындай түседі
5-10 минут бойы оқылатын

ертегі балалардың ойлау қабілетінің дамуына септігін тигізеді
Бұл бүлдіршіндерге өздігінен оқып үйренуге ұмтылыс береді

Слайд 10

Аялдамаларда кітап сөресін жасау

Слайд 11

Қалай іске асады?

Әлеуметтік акция аясында адамдар өз үйіндегі артық кітаптарды сол сөреге

әкеледі.
Автобусты күтіп отырған өзге жолаушылар ұнаған кітапты алып оқиды.
Кітаптарды үйіне алып оқи алады.
Оқып болған соң кітапты басқа аялдамадағы сөреге қойып кетеді
Осылайша бүкіл қала бойынша кітап айналымы іске асып,кітаптар өзгеріп тұрады

Слайд 12

Қызыққан кітабын автобустада оқи берсе болады

Слайд 13

Кітапханаларда оқырмандар клубын ашу

Слайд 14

Олар не істейді?
Жиналып өздерінің оқыған кітаптары жайлы пікір алысады.
Бір-біріне кеңес беріп өзге

туындыларды талқылайды.
Кітап оқудың беделдігін жастар арасында насихаттайды.

Слайд 15

Бұл кітапханаларға баратын балалар санын көбейтеді

Слайд 16

Электронды кітаптар

Электронды форматтаға қазақ тіліндегі кітаптарды көбейтеміз
Қазір электронды кітапханалар бізде бар
Программалық мүмкүндіктерде

жеткілікті
Осының базасында электронды кітаптарды көбейтеміз

Слайд 17

Кітап оқуды сәнге айналдыру

Слайд 18

Қалай іске асырамыз?
БАҚ құралдарындағы насихат
Көшелердегі стэндтарға ұлы жазушылардың туындыларынан алынған қанатты сөздерді

жазамыз:
Кітап өртеуденде ауыр қылмыс бар, мысалы - оларды мүлдем оқымау.
Рэй Брэдбери «Фаренгейт бойынша 451 градус»

Слайд 19

Жобаның бағасы

Қаражатты қажет етпейді:
1.Балабақшаларда ертегілерді бүлдіршіндерге оқу
2.Кітапханаларда оқырмандар клубын ашу.
Қаражатты қажет етеді:
3.Аялдамаларда

кітап сөресін орналастыру
4.Көше стэндтарына қанатты сөздерді жазу.
Имя файла: Кітап-оқу-жақсы-әдет-атты-әлеуметтік-жоба.pptx
Количество просмотров: 111
Количество скачиваний: 0