Қош келдіңіздер презентация

Содержание

Слайд 2

“Мерейлім” балабақшасы
Тобы: «Алпамыс» ересектер тобы
Топ тәрбиешісі: Белгібаева Айдана Жұмағұлқызы

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

мамандығының ІV курс студенті

Шакен Фариза Қанжарбекқызы

Слайд 3

“Мерейлім” балабақшасы

Слайд 4

«МЕРЕЙЛІМ» БАЛАБАҚШАСЫ
Бүгінде Қызылорда 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен

жүз пайыз қамтыған бірегей облыс. Бұл бағыттағы оң өзгерістерде жеке кәсіпкерлердің үлесі аз емес.
Қала күні қарсаңында «Ақмешіт» шағын ауданынан ашылған «Мерей­лім» балабақшасы кішкентай тұрғын­дар мен ата-аналар үшін үлкен мере­келік тарту болды. Жобалық-сметалық құны 200 млн теңгені құрайтын бөбек­жай облыстық мәслихат депутаты Әбдімәжит Жансақаловтың демеуші­лігімен мемлекеттік-жекеменшік әріп­тестік негізінде салынды.
Жаңа ғимараттың ашылу салтана­тына аймақ басшысы Қырымбек Кө­шербаев қатысты.
– Қазір біз білектінің емес, білім­дінің заманында, Қазақстанның ал­тын ғасырын жасау кезеңінде өмір сү­рудеміз. Бүлдіршіндеріміздің бақыт ша­пағатына бөленіп, балғын балалық­тың базарында өмір сүрулеріне барынша жағдай жасау – біздің басты мақсат-міндеттеріміздің бірі. Сондықтан да осындай ертегі әлеміндегідей әсем сарайды тұрғызып, балаларға қуаныш сыйлаған Әбдімә­жит Әлмағамбетұлына рахметімізді айтамыз. Қашаннан қабат келген тойды жақсылыққа жорыған ырымшыл халықтың ұрпағы ретінде балапандарыңыздың жаңа да сәулетті ғимаратта өмірдің жаңа белесіне аяқ басуы да – жақсылықтың нышаны. Бөбектеріміз білім, тәрбие нәрімен сусындап, еліміздің ертеңі болар ел тұтқасына айналсын! – дей келе, «Балапан» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан ауқымды істердің маңызына тоқталды.
Жоғарыда айтқанымыздай, Елбасының 2020 жылға дейін 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен 100 пайыз қамту міндеті Қызылорда облысында мерзімінен бұрын орындалды. Бүгінгі күні мектептер жанында 249 шағын орталық жұмыс жасаса, онда 11 024 бала 441 топта тәрбиеленуде.
Балабақшаның ашылу рәсімінде аймақ басшысы алдағы 7-8 жылда сырбойылықтардың саны миллионға жету мүмкіндігі жоғары екенін айтты. Демографиялық дүмпу болған жерде балабақша, мектеп, баспаналарды көптеп салу қажеттілігі туындайтыны анық. Демек, Қызылордадағы қазіргі құрылыс қарқыны жақын болашақтағы жарқын өзгерістерге тікелей байланысты.

Слайд 8

Белгібаева Айдана Жұмағұлқызы

«Алпамыс» тобының тәрбиешісі:

Слайд 10

Қазіргі заманауи әлемде дене және адамгершілік жағынан өздігінен өмір сүруге қабілетті адамда

дайындау. Егер мақсатты ойлау төменгі талаптарды есепке ала отырып іске асырылса, онда олар табысты болады.
Диагностикалық, яғни психологиялық және даму бұзылыстары бар балалардың қажеттілігі мен мүмкіндігін, сондай-ақ тәрбиелеу жұмысының талаптарын үнемі зерттеу негізінде алға жылжу;
Шынайылық, нақты жағдайды есепке ала отырып алға жылжу және негіздеу;
Сабақтастық, яғни тәрбиелеу жұмысындағы барлық мақсаттар мен міндеттердің арасындағы байланыстың болуы;
Мақсатты сәйкестендіру қызметінің барлық қатысушыларын мақсатты ойлау үдерісіне қосу арқылы қол жеткізу;
Нәтижеге бағытталу, егер тәрбиелеу мақсаты анық, нақты болған жағдайда мақсатқа жету нәтижелерін анықтау мүмкін болады.

Тәрбиешінің мақсаты

Слайд 11

Тәрбиешінің негізгі қызметі

Тәрбиелеу

Болжау

Бағалау

Әдістемелік

Қорғау

Коммуникативтік

Ынталандыру

Диагностикалық

Дамыту

Ұйымдастыру

Слайд 12

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының базалық оқу жоспары

Слайд 13

«Мерейлім» балабақшасының үлгілік күн режимі

Слайд 16

«Мерейлім» жеке балабақшасы
«Алпамыс» тобының бала тізімі

Слайд 17

Ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесі

Слайд 18

Білім беру салалары

Слайд 20

Таным

«Таным» білім беру саласы

Экология негіздері

Қоршаған ортамен таныстыру

«Қарапайым матемакалық
ұғымдарын қалыптастыру

Баланың танымдық қызығушылығы,

адамның тіршілік әрекетін, табиғат ондағы адамның орны,
тұрмыстық техниканы қолдануға үйрету

Құрастыру

Слайд 21

Коммуникация

Мемлекеттік, орыс және басқа тілдерде жүзеге асырылады

Сөйлету дамыту

Қоршаған ортамен таныстыру

Сауат ашу және жазу

Көркем

әдебиет

«Коммуникация» білім беру саласы

балаларға грамматикалық дұрыс сөйлеу үлгілерін беру;
балаларды дыбыстарды дұрыс айтуға уйрету, сөздік қорын кеңейту;
халақ ауыз әдебиетімен таныстыру арқылы балалардың тілдік тәжірибесін кеңейту;
балаларға шығармашылық тілдік қызметін қалыптастыруда көмек көрсету;
Сауат ашу негіздерін меңгертуге деген қызығушылығын ояту;
ана тілі, мемлекеттік, басқа да тілдерде қарым-қатынас жасау мүмкіндігімен қамтамасыз ету

Слайд 22

«Денсаулық» білім беру саласы

Денсаулық

Дене шынықтыру

Валеология негіздері

баланың физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыруға;
салауатты өмір салтының үлгісін көрсету;
мәдени

гигиеналық, өзіне-өзі қызмет кқрсету дағдыларын қалыптастыру үшін жағдайлар жасауға;
баланың денсаулығын есепке алып сауықтыру;
шынықтыру шараларын ұйымдастыруға; бала денесінің дамуы,

Слайд 23

«Шығармашылық» білім беру саласы

Шығармашылық

Сурет салу

Мүсіндеу

Апплекация

Музыка

баланың өзінің шығармашылық ойын еркін білдіруге мүмкіндік

беру;
баланы нәтижелі, бейнелеу іс-әрекеттеріне жағдай жасау;
баланың қызығушылығын, бейімділігін зерттеу, оларды дамытуға ынталандыру;

қазақ, басқа да халықтардың әдеби, музыкалық, халық ауыз әдебиеті шығармаларын тыңдау;

Слайд 24

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы

Әлеуметтік орта

Көркем әдебиетте жүзеге асырылады

Экология

Қоршаған ортамен таныстыру

ересектермен, балалармен біріккен

ойын, еңбек іс-әрекеттеріне жағдай жасау;
тепе – тең мінез-құлық түрлерін түсінігін қалыптастыру;
баланың түрлі іс-әрекетте өзін-өзі танытуына жағдай жасау;

Слайд 25

ҰОІӘ жоспарлары

Слайд 26

ЦИКЛОГРАММА
Бір аптаға 05.02.-09.02.2018
«Алпамыс» ересектер тобы, «__________»б\б,
Өтпелі тақырып: «Бізді қоршаған әлем»
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі

жақсы»

Слайд 29

Ашық сабақ

Слайд 31

9 саны және цифры
Білім беру саласы: Таным.  Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.  Тақырыбы: 9 саны

және цифры. Жай мысалдар мен есептер құрастыру.  Мақсаты: 9 саны және цифрын енгізу; цифр мен заттың санын сәйкестіруді үйрету; сандық және реттік санау дағдысын жетілдіру; балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту; әдептілікке тәрбиелеу.  Көрнекіліктер, қажетті құралдар: демонстрациялық материалдар, жұмыс дәптері, қарындаш.  Оқу іс-әрекетінің кезеңдері:Педагогтың іс-әрекеті Балалардың  іс- әрекеті  Мотивациялық –  Қозғаушылық  Шаттық шеңбері:  Оқу- білім аламыз.  Біздер зерек баламыз  Математика пәнінде  Тапқыр, алғыр, баламыз. Шаттық шеңберіне тұрып, тақпақты бірге айтады.  Ұйымдастырушылық-  Ізденістік  Сабаққа «Жеті лақ» ертегі кейіпкерлерін шақыру:  -Бізге қонаққа неше кейіпкер келіпті, санайықшы?  Ертегідегі 8 кейіпкерді бір-бірден шақырып, санату.  -Тағы кім жетпейді?  -Енді олар нешеу болды?  -Қалайша тоғыз болды? (9 дегеніміз-8 және 1).  -Балалар, біздің бүгін өтетін тақырыбымыз: 9 саны және цифры.  -Олай болса дәптерімізді ашып, №1тапсырмадағы шиелерді санаймыз. Санды 9 цифрымен белгілейміз. 9 цифрын табамыз. 

Слайд 33

Сергіту сәті  «9» ауаға, содан соң аяқтың ұшымен еденге жазамыз. Қарындашты алып дәптердегі алты

санын бастырып жазамыз.  Содан кейін №2тапсырманы орындау. Сурет бойынша санап, жауапты бос орынға жапсырады.  1-ден 9-ға дейін және кері санауды ұсыну. Ертегі кейіпкерлеріне қызығушылық танытады  Кейіпкерлерді санайды.  -Қасқыр.  -Тоғыз.  -9 дегеніміз-8 қосу 1  Тапсырманы орындайды.  Тақпақты мұқият зейін қойып тыңдайды, жаттап алады  Балалар алты санын алдымен ауаға, аяқтарының ұшымен еденге, содан соң дәптерге жазады  Берілген суреттерді қарап, ондағы заттарды санап, сәйкес санды көрсетеді.  1-9 дейін және 9-1дейін кері санайды.  Рефлексиялық –  Түзетушілік 1-ден 9-ға дейінгі сандар қатарын қаншалықты меңгергенін тексеру үшін №3тапсырманы орындайды Сабақты  қорыту. Балалардан сұрақ қою арқылы бүгінгі сабақты сұрау. Ертегі кейіпкерлерін санап шығарып салу. Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау. Дәптердегі тапсырманы орындайды.  Күтілетін нәтиже:  Біледі: 9 саны және цифры;  Игереді: 9 цифрының жазылуы туралы түсінікті;  Меңгереді: 9-ға дейін тура және кері санауды, 9 цифрын тануды

Слайд 45

Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Мақсаты: - Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру. - Сурет бойынша қойылған

сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту. - Үлкендерді еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.
Дидактикалық ойын: «Қандай мамандық иесі?»
Әдіс- тәсілі: ойын технологиясы.
Билингвалды компонент: мамандық – профессия – рrofessiya, аспазшы – повор– cook.
Күтілетін нәтиже:
Түсінеді: барлық мамандық иелерін қадірлеуді түсінеді;
Қолдана алады:мамандыққа қызығушылықтары арттады.
Ұйымдастыр кезеңі: - Балалар, кәне бәріміз шаттық шеңберін жасайық, бір-бірімізбен амандасайық!
Көрнекілігі: түрлі мамандық иелері туралы суреттер, интерактивті тақта. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Сен қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты.

Слайд 46

Біз ойнаумыз, күлеміз. Айналадағы дүниені танып білеміз. Міне көрдіңдерме? Балалар болашақта әртүрлі мамандық иесі болу

үшін ақылды, білімді тәрбиелі болуы керек. 1. Бүгін қай күн? 2. Бүгін ауа райы қандай? 3. Жылдың қай мезгілі? Бір - екі - үш... Сынып іші тып - тыныш. Жалқаулықты тастаумыз, Сабақты біз бастаймыз. ІІ. Жаңа сабақ барысы. 1. Әзір ас жоқ дүниеде. Сабақ өзі оқылмайды, Көйлек өзі тоқылмайды, Тұқым өзі себілмейді, Үйлер өзі салынбайды, Кендер өзі табылмайды, Кітап өзі жазылмайды. Барлық істің батыры – біз, Екі қол мен ақылымыз. Осының бәрін кім істейді?

Слайд 47

Кім айтады? Асты кім әзірлейді? Сабақты кім оқиды? Көйлекті кім тоқиды? Тұқымды кім себеді? Үйлерді кім салады? Кенді кім

табады? Кітапты кім жазады? Осы сөздерді бір атаумен қалай атаймыз? Осы сөздердің ортақ атауы - МАМАНДЫҚ. Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатты айқындау. Тағы қандай маман иелерін білеміз? ІІІ. Сөздікпен жұмыс (тақтада суреттермен сүйемелдеп көрсету - көрнекілік әдісі) 1. Жүргізуші 2. Өрт сөндіруші 3. Тігінші 4. Әскери қызметкер 5. Әртіс 6. Құрылысшы 7. Аспазшы 8. Дәрігер 9. Етікші 10. Шаштараз 11. Мұғалім 12. Кітапханашы

Слайд 48

ІV. «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны. Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді. Қойшы балаларды

оқытып жүр. Жүргізуші машина жүргізеді Аспазшы үй салып жүр. Дәрігер адамдарды емдейді. Жазушы хат, газеттер тасып жүр. Дәрігер етік тігіп отыр. Мұғалім балаларды емдеп жүр. Ұшқыш әдемі киім тігеді. Өрт сөндіруші өртті сөндіреді. Суретші сахнада ән айтып тұр. V. МӘТІНМЕН ЖҰМЫС Мамандық таңдау Мамандық таңдау - әр адамның мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең»,- дейді халық. Барлық адамның арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді ол өз қалауымен таңдап алады. Мамандықтың түрі көп. Әнші халық алдына шығып ән салады. Дәрігер – адам өмірінің арашасы. Ұстаз шәкірттерді білімге жетелейді. Жазушы сөзбен өрнек салады.

Слайд 49

Басқа адамдардың өмірімен танысады. Сондықтан да бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Сабақ

қорытындысы. «5 саусақ бірдей емес» дегенді қалай түсінесіңдер? Әрине, әр адам өзінше қызықты. Барлығымыз бірдей құтқарушы, мұғалім, ұшқыш бола алмаймыз. Әр адам өз қалауы бойынша мамандық таңдайды. Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың.
Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы. Талаптанып, Қанаттанып, Өмір сырын ұғамыз, Білім алып, тұлғаланып, Азамат боп шығамыз.
Қорытынды:
Қандай мамандықтар сендерге ұнайды?
Жақсы маман болу үшін не істеу керек?
Өте жақсы балалар, ер жеткен соң ата – аналарың мақтан ететін, өзгелер құрметтейтін, сыйлайтын, ең бастысы елің мақтан тұтатын азамат, маман иесі болыңдар!

Слайд 50

Ұйқы

12.30 – 15.00

Слайд 51

Серуендеу

9.50 – 11.30

16.40 – 18.00

Слайд 52

2017-2018 оқу жылындағы Баланың жеке даму картасы
Баланың аты-жөні: Келіс Дамир Баланың жасы: 5

Тобы: Алпамыс Күні: 10-20 қаңтар
Педагог диагностикалық әрбір кезеңінен кейін баланың жеке даму картасында педагогикалық үдерістің міндеттерін анықтайды.
Имя файла: Қош-келдіңіздер.pptx
Количество просмотров: 30
Количество скачиваний: 0