Байкенжин НБ презентация

Содержание

Слайд 2

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi

биосфералық, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың,

мемлекеттiк табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк қорық аймақтарының, мемлекеттiк табиғи қорықшалардың, мемлекеттiк зоологиялық парктердiң, мемлекеттiк ботаникалық бақтардың, мемлекеттiк дендрологиялық парктердiң, мемлекеттiк табиғи қорық-сепортерлердiң жерiн қосқанда, мемлекеттiк табиғи қорықтардың жерi жатады.

Слайд 3

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
Қазақстан Республикасының заңнамасы :

Слайд 4

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінің өзіне тән бірнеше белгілері бар:

Бұл жерлер ерекше қорғалатын

табиғи, ғылыми, тарихи-мәдени, рекреациялық, сауықтыру немесе өзге құндылығы болуы қажет;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi орналасқан өзге де санаттардағы жерлердiң жер учаскелерi мемлекет меншiгiнде болады және жекешелендiруге жатпайды;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн алып қоюға, сондай-ақ оларды басқа санаттардағы жерлерге ауыстыруға жол берiлмейдi. Яғни шаруашылық айналымнан толығымен немесе ішінара алынып тасталған;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiнде олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтiн кез келген қызметке тыйым салынады. Бұл жерлерде қорғаудың ерекше режимі белгіленген;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерi толық немесе iшiнара, мерзiмсiз немесе белгiлi бiр мерзiмге шаруашылық пайдаланудан алып қойылады және олардың ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы ескерiле отырып, төлем шартымен пайдаланылады.

Слайд 5

     Жер учаскелерiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiнiң санатына жатқызу туралы шешiмдердi:

1) республикалық маңызы

бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ үшiн - уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi;
2) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ үшiн - уәкiлеттi органмен келiсе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары қабылдайды.

Слайд 6

мемлекеттiк табиғи-қорық қоры мен табиғи экологиялық жүйелердi сақтау;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық

ынтымақтастық;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негiзгi принциптер

биологиялық саналуандықты, бiрегей және типтiк ландшафтарды сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн экологиялық желiнiң базалық құрамдас бөлiгi ретiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiн дамыту;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылымды, мәдениеттi, оқу-ағартуды, бiлiм берудi, туризмдi дамыту мақсаттарында пайдалану;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың ақылы болуы;

үйлестіру кеңестерінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы міндеттерді шешуге қатысуы

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мiндеттердi шешуге қатысуы;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық;

Слайд 7

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың маңыздылығына байланысты 2 түрге бөлінеді:

1. Республикалық маңызы бар ерекше

қорғалатын табиғи аумақтар Үкіметтің шешімімен ғана құруға рұқсат етілген.
2. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жергілікті атқарушы органның шешімімен құрылады.

Слайд 8

Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимiнiң түрлерiне

байланысты мынадай түрлерге бөлiнедi:

      1) мемлекеттiк табиғи қорықтар;
      2) мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер;
      3) мемлекеттiк табиғи резерваттар;
      4) мемлекеттiк зоологиялық парктер;
      5) мемлекеттiк ботаникалық бақтар;
      6) мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
      7) мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi;
      8) мемлекеттiк табиғи қаумалдар;
      9) мемлекеттiк қорық аймақтары.

Слайд 9

Жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимiнiң түрлерiне

байланысты мынадай түрлерге бөлiнедi:

      1) мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер;
      2) мемлекеттiк зоологиялық парктер;
      3) мемлекеттiк ботаникалық бақтар;
      4) мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
      5) мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi;
      6) мемлекеттiк табиғи қаумалдар.

Слайд 10

Мемлекеттік табиғи қорық қорының объектілері

Ол қоршаған ортаның табиғи эталондары. Бұл объектілер бірнеше

топқа бөлінеді:
1. Зоологиялық, жануарлардың сирек кездесу түрлері.
2. Ботаникалық, өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері.
3. Орман, ерекше қорғалатын ормандар.
4. Дендрологиялық сирек кездесетін ғылыми, таихи мәдени маңызы бар жекелеген ағаштар.
5. Гидрогеологиялық, ерекше құнды су қоймалары.

Слайд 11

Мемлекеттiк табиғи қорық

табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын

табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.

Слайд 12

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк

ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар

мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Слайд 13

Қорғау режимі мен табиғи кешендерді пайдалану мақсаттарына орай мемлекеттік ұлттық табиғи парктер келесі

функционалдық аймақтарға бөлінеді:

Слайд 14

      Мемлекеттік дендрологиялық парк

ағаш және бұтақ тектес өсімдіктерді қорғау, пайдалану және өсімін

молайту үшін арналған, қорғаудың ерекше режиміне ие болатын табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып табылады. Мемлекеттiк дендрологиялық парктердiң негiзгi қызметiне Қазақстанның ағаш өсiмдiктерiн сақтаудың, молықтырудың және пайдаланудың ғылыми негiзiн әзiрлеу, Қазақстанның дүниежүзiлiк маңызы бар флорасының ресурстарын игеру жатады.

Слайд 15

Мемлекеттік зоологиялық парк

сирек кездесетін немесе құрып кету қаупіндегі жануарларды жасанды ортада сақтап

тұрумен айналысатын мәдени-ағарту, ғылыми, оқу және табиғат қорғау қызметі үшін арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып табылады. Мемлекеттiк зоологиялық парктердiң негiзгi қызметiне Қазақстанның жануарлар дүниесiн сақтаудың, молықтыру мен пайдаланудың, дүниежүзiлiк маңызы бар Қазақстан фаунасының ресурстарын игерудiң ғылыми негiздерiн әзiрлеу жатады.

Слайд 16

Мемлекеттік ботаникалық бақ

сирек кездесетін немесе құрып кету қаупіндегі өсімдіктерді сақтаудың, қорғаудың және

өсімін молайтудың ғылыми негіздерін дайындау мен зерттеулерді жүргізуге арналған, табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып табылады.

Слайд 17

Мемлекеттік табиғи ескерткіш дегеніміз

экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алғанда жекелеген бiрегей,

орны толмайтын, құнды табиғи кешендердi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiне жатқызылған шығу тегi табиғи және жасанды объектiлердi қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Маңыздылығына байланысты мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жекелеген түрлерi және табиғи кешендер республикалық немесе жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi болып жарияланады.

Слайд 18

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар дегеніміз

- ерекше құқық қорғау режимі бар мемлекеттік табиғи

қорын сақтау және және қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режиміміен жер, су, орман және жер қойнау учаскелері.

Слайд 19

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнiң құқықтық режимi

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi, сондай-ақ мемлекеттiк

табиғи-қорық қорының объектiлерi орналасқан өзге де санаттардағы жерлердiң жер учаскелерi мемлекеттiк меншiкте болады және иеліктен шығаруға жатпайды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін алып қоюға жол берілмейді.

Слайд 20

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимiнiң түрлерi

Слайд 21

халықтың ұйымдасқан жалпы демалысы мен туризмі үшін арналған қоршаған табиғи ортаның мәдениеттендірілген, яғни

қолдан жасалған учаскелері

Рекреациялық аумақтар

Слайд 22

Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер

учаскелеріндегі объектілер құрылысы

Слайд 23

Ұлттық парктердің қорықтық аймақтарының шегінде кез келген шаруашылық қызметке, рекреациялық пайдалануға тыйым салынады

және мемлекеттік табиғи қорықтарды ерекше қорғайтын режим қолданылады.
Басқа аймақтарда табиғи кешендер мен объектілерді сақтау үшін жағдайлар жасалады, өз кезегінде, олардың аумағында аталған объектілерді пайдалануды қатаң түрде реттеу, оның ішінде рекреациялық пайдалану аймақтарында, шектеулі шаруашылық қызметтерді, әкімшілік-өндірістік мақсаттағы және келушілерге қызмет көрсету жүзеге асырылады. Сонымен қатар онда спорттық және кәдуілгі аң және балық аулау, рекреациялық орталықтарды, қонақ үйлерді, кемпинг, мұражай және туристерге қызмет көрсететін өзге де объектілерді салу және пайдалану іске асырылады.
Мемлекеттік аймақтық табиғи парк мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге ұқсас болып келеді, олардың орындайтын міндеттері мен алға қойған мақсаттары да бірдей, бірақ олардың мәртебесі тек жергілікті деңгейде.
Мемлекеттік аймақтық табиғи парктерде мемлекеттік ұлттық табиғи парктердегідей зоналарға бөлінеді.
Мемлекеттік аймақтық табиғи парктер мемлекеттік ұлттық табиғи парктер сияқты сол тәртіппен және дәл сондай шарттарда пайдаланылады.

Слайд 25

Сауықтыру мақсатындағы жерлер дегеніміз

табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу

мен емдеудi ұйымдастыру үшiн қолайлы жер учаскелерiнің жүйесі.  

Слайд 26

«Курорт» ұғымы ҚР Экологиялық кодексінде кездеспейді, дегенмен ҚР экологиялық заңдарында бұл ұғым және

сауықтыру мақсатындағы жерлер деген ұғымдар  бірнеше рет ескерілген.
ҚР 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сай сауықтыру мақсатындағы жерге табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру үшiн қолайлы жер учаскелерi жатады. Бұрынғы ҚазКСР заңдылығында курорт деп – табиғи емдік қасиеттеріне және минералды көздеріне ие, емдеу-профилактикалық мақсатта игерілген жерлер танылған. Адам ауруының алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру үшiн қолайлы санитарлық және экологиялық жағдайларды сақтау мақсатында сауықтыру мақсатындағы аумақтар жерiнде Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес  санитарлық-қорғау  аймақтары   белгiленедi. Сауықтыру мақсатындағы жердiң күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтарының шекарасы мен оны   пайдалану режимiн жергiлiктi  өкiлдi және атқарушы  органдар айқындайды. Белгiленген санитарлық режимге сәйкес осы жер учаскелерiн шаруашылық айналымынан толығымен алып қоюды көздейтiн жағдайларды қоспағанда, санитарлық-қорғау аймақтары шегiндегi жер учаскелерi жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алып  қойылмайды. Бұл ретте аталған учаскелер осы Кодексте белгiленген шарттарға сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылады, соның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарылады. Жер учаскелерiн санитарлық-қорғау аймақтарының екiншi және үшiншi белдеулерi шекарасында пайдалану осы аймақтарды  күзетудiң  белгiленген  режимi  сақтала  отырып  жүзеге  асырылады

Слайд 27

Курорт – табиғи емдеу ресурстары бар және оларды пайдалану үшін инфрақұрылым объектілерін қосқанда

арнайы ғимараттары бар емдеу-профилактикалық мақсатта игерілген және пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар». Бұл анықтамадан біз «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» деген сөздерді алып тастар едік, себебі, жоғарыда айтқанымыздай, рекреациялық аумақтар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қызметтер әртүрлі мақсаттарды ұстанады.

Слайд 28

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін және сауықтыру мақсатындағы жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар»

деп аталатын 212-бапта былай делінген:

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн пайдалану режимi Қазақстан Республикасының Жер кодексiмен және «Ерекше қорғалатын  табиғи  аумақтар  туралы»  Қазақстан  Республика- сының Заңымен реттеледi.

Сауықтыру мақсатындағы жерде қолайлы экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды сақтау мақсатында оларды аймақтарға бөлу кезiнде санитарлық қорғаныш аймақтары белгiленедi.

Слайд 29

Рекреациялық табиғат пайдалану туралы заңдарды жетілдіру мына бағыттар бойынша жүзеге асырылуы қажет:

Рекреациялық аумақтар

мен курорттары құру тәртібі мен олардағы қызметті заң жүзінде бекіту. Адамдарды емдеу және олардың ауруларының алдын алуды ұйымдастырумен байланысты бірқатар сұрақтарды реттеу үшін ҚР «Табиғи емдеу ресурстары, емдеу-сауықтыру жерлері туралы» арнайы Заң қабылдануы тиіс. 

Республикалық заңдарда рекреациялық табиғатты пайдалану саласындағы терминдер мен ұғымдардың бірыңғай түсініктеме аппаратын бекіту: «рекреациялық аумақ», «рекреациялық табиғатты пайдалану құқығы», «курорт», «қорғау аймағы» және «буферлік аймақ» және оларды өзара үйлестіру. 

Рекреациялық аумақтар мен курорттардың мәртебесін төмендету және оларды жерлердің басқа категорияларына ауыстыру тек ерекше жағдайларда (олардың ерекше маңызын жоғалтуына әкеп соққан табиғи катаклизмдер) ғана жүзеге асырылатынын заң жүзінде бекіту.

Рекреациялық аумақтар мен курорттарды қаржыландырудың (бюджеттік, жеке және өзге де көздер, мысалы, оларға барғаны үшін төлем алу) біркелкі жүйесін бекітуді ұсыну.

Рекреациялық аумақтар мен курорттардағы қорғау және буферлік аумақтарда табиғат пайдаланушылар мен жерпайдаланушылардың тұрақты экологиялық қызметін мемлекеттік тараптан қолдау және экономикалық мүдделендіру шараларын анықтау.

Рекреациялық және сауықтандыру табиғат пайдалану саласындағы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын анықтау

Имя файла: Байкенжин-НБ.pptx
Количество просмотров: 29
Количество скачиваний: 0