Самсунг компаниясы презентация

Содержание

Слайд 2

Атауының мағынасы
Samsung (самсон деп оқылады) сөзінің шығу тегі туралы бір мағыналы нұсқасы жоқ,

алайда корей тілінен аударғанда «үш жұлдыз» дегенді білдіреді деген нұсқасы көбірек таралған. Корпорация атауының таңдалуы компанияның негізін қалаушы Бьонг Чхуль Лидің үш ұлына қатысты болуы мүмкін, олардың бірі Кун Хи Ли қазіргі уақытта өнеркәсіптік топты басқарады.  Айтпақшы, компанияның ертеректегі логотиптерінде дәл сол үш жұлдыздың суреті бар болатын. Алайда 1993 жылы Samsung бастапқы логотип халықаралық корпорацияның бет-бейнесіне сай келмейді деп санап, оны ауыстыруға шешім шығарады. Міне дәл сол уақытта қазіргі уақыттағы біздің көзіміз үйренген – серпіле иілген көк эллипстің ішіне фирма аты жазылған танымбелгі жарыққа шықты. Тамаша дизайн мен ауқымды жарнамалық науқан өз жұмысын орындады: логотип әлемдегі ең танымалдылардың біріне айналды. Алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының жарнамалаушы-студенттері бүгінгі күні Samsung логотипін ауыстыруды нағыз сәтті шыққан ребрендинг ретінде қарастырады. Жаңа танымбелгіні жасау кезінде шығыс философиясы да шет қалған жоқ. Samsung маркетологтарының нұсқасы бойынша, «логотиптің элиипстік пішіні үнемі жаңару мен жетілдіру идеясын көрсете отырып, кеңістіктегі әлемдік қозғалысты білдіреді».

Слайд 3

КОМПАНИЯНЫҢ МИССИЯСЫ

Біз жоғары сапалы тауар жасау мен қызмет көрсету үшін қоғамның жаһандану жағдайының

жақсаруына өз үлесімізді қоса отырып, компанияның адами және технологиялық ресурстарын пайдаланамыз.

Слайд 4

КОРЕЯ СОҒЫСЫНАН КЕЙІНГІ SAMSUNG

Оңтүстік Кореяның жаңа президенті, генерал Пак Чоң Хи экономикалық және өнеркәсіп реформаларды

бастайды. Экономиканың өнеркәсіп секторын дамытуға арналған жоба мен бағдарламалар әзірленді. Шикізат пен заманауи технологиялар өндіруге шетелдік займдар тартып, одан түскен пайданы қайтадан осы өнеркәсіптерді жетілдіруге жұмсауға бағытталды. Осындай кезеңде тасы өрге домалаған кәсіпкерлердің бірі – Ли Бен Чхоль еді. Осылайша 30 ірі компания (чеболи – «қаржы отбасысы») құрылды. Солардың ішінде Samsung сынды Daewoo, Hyundai, Goldstar (LG) және тағы басқалары да бар еді. «Қаржылық отбасыларының» әрбірінде өзінің бағыты болды: Daewoo – автокөлік өндірісі, Goldstar – тұрмыстық техникалар, Samsung – электроника, Hyundai – құрылыс саласы.

Слайд 5

КОМПАНИЯНЫҢ РЕФОРМАЛАНУЫ

Оңтүстік Кореяның эконимакасы жылына 6-дан 14 пайызға дейін қарқынды дамып отырды. Осы

кезеңде экспорт өсімі 30 пайызға жеткен. 1969 жылы Sanyo-мен біріккеннен кейін Samsung компаниясы ақ-қара түсті теледидар өндірісін бастап кетеді. Кореяның өзінде тұрғындардың 2 пайызына ғана қолжетімді болды.
Sanyo мен Samsung-тың бірігуі Samsung Group-тың ірі секторларының бірі – Samsung Electronics секторына бастама болды. 1980 жылдары компания экономикалық дағдарысты көп шығындалса да еңсере білді. Еншілес компаниялардың саны күрт азайып қалды. Билікке Ли Гон Хи келген соң реформалардың толық спектрі ұсынылды. Компания еркін сауда туралы заңның шарттарын толығымен қанағаттандыра алуы керек болды. Ішкі инвесторларға қатысты саяси өзгерістер негізіндегі ұсыныс компанияның субсидия үшін қызығушылығын арттыруға бағытталды. Конгломерат мемлекет тарапынан қаржылай қолдаудан қағылған еді.

Слайд 6

КОНЦЕРННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Interbrand консалтинг компаниясының жыл сайын өткізетін маркетингтік зерттеулерінің мәліметі

бойынша Samsung 2007 жылғы жағдайында бренд бағасының қосындысы бойынша 21-орынды иемденген. Компанияның негізгі бәсекелесі Sony компаниясы 25-орында.
Компаниялардың жыл сайынғы есебі бойынша концерннің сатылымның өсу беталыстары: Есептік жылдар USD млрд 2002 116,8 2003 101,7 2004 121,7 2005 140,9 2006 158,9.
Samsung Group концерінінің құрамына кіретін компаниялар электроника және микроэлектроника, химиялық өнеркәсіп, құрылыс, автомобиль жасау, ауыр өнеркәсіп, қаржы және несие, сақтандыру сынды істермен айналысады. Концерн құрылымы ресурстан бастап, олардың қайта жасалуы және дайын өнім күйінде аяқтау сынды электроника өндірісінің толық циклін қамтиды. Конгломераттың негізгі бөлімшелері тек концернге немесе Оңтүстік Корея аумағында ғана тікелей дайын электронды өнімдерді жасаумен айналысып, компанияға қатысты бағынышты функцияларды атқарады. Бұл ерекшелік бөлімшелер бойынша кірістердің орналасуынан анық көрінеді, осылайша концерннің негізгі кірісі электронды өнеркәсіптен келеді.

Слайд 7

ЭЛЕКТРОНДЫ ӨНЕРКӘСІП

Концерн сатылымының 70 пайыздан көбі электронды өнеркәсіптен келеді.
Бұл бөлімшенің компаниялары:
• Samsung Electronics

• Samsung SDI • Samsung Electro-Mechanics • Samsung SDS • Samsung Networks
Бөлімшелер қатты диск (HDD), оперативті жад, SRAM (оның ішінде процессор және видеокарталарға арналған чиптер өндірісі), сұйық кристалды мониторлар, сұйық кристалды және плазмалы теледидарлар, GSM, CDMA, 3G және WiMAX бар стандартты мобилды телефондар, IP-телефондарға арналған құрал-жабдықтар, ноутбуктер, принтерлер, тұрмыстық техникалар және т.б. өндірісімен, телекоммуникацияның сымсыз желісі WiMAX-тың үшінші және төртінші нұсқаларын дамытумен айналысады.

Слайд 8

АВТОМОБИЛЬ ҚҰРЫЛЫСЫ

Концерннің профилденбейтін бөлімшелерінің бірі – автомобиль құрылысы, аталмыш салада төмендегі бір ғана

кәсіпорын айналысады: Samsung Motors (Renault Samsung Motors) — 2000 жылы.
Үлгілері: • Samsung QM5 • Samsung SM3 • Samsung SM5 • Samsung SM7
2008 жылы компания тек ішкі нарықты ғана қамтамасыз етіп отырды. 2009 жылы азиялық және тынықмұхиттық аймақтардағы нарыққа шыға бастады. 2007 жылы өндіріс көлемі 179 272 автомобилге жеткен.

Слайд 9

МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ ЖАРНАМА

Cheil Communications – 1973 жылы негізі қаланған маркетинг компаниясы. Қоғаммен байланыс, маркетингтік зерттеулер, БАҚ-мен қатынас

саласында қызмет атқарады. Оңтүстік Кореядағы жарнама саласында сөзсіз көшбасшы болып табылады. Бөлімше Samsung Group концернінің маркетинг мәселелерін толығымен шеше алады. Кеңселері әлемнің 24 елінде орналасқан.
Имя файла: Самсунг-компаниясы.pptx
Количество просмотров: 76
Количество скачиваний: 0