Әлемдегі 10 ерекше кітаптар презентация

Содержание

Слайд 2

Әлемдегі 10 ерекше кітаптар

Слайд 3

1.Жүз мың миллиард өлең

Раймонд Квинаудың кітабы бар болғаны 10 сонеттен тұрады. Бірақ оның

әрқайсысы бір жолдан жіңішке кесінділерге кесілген.Оқырман кесінділерді кез келген тәртіпте қиыстыра алады. Егер оқырман барлық мүмкін болатын қиыстыруларды күнделікті дауыстап оқитын болса, онда ол үшін 200 000 жыл қажет болады екен.

Слайд 4

2.Gerschreven Portretten көлемді кітаптар

Өмірбаян-кітап көлемді болып жасалынған. Яғни кітап өзі баяндайтын атақты адамның

бас келбетінен тұрады.
Мұндай ерекше өмірбаян кітабына тек төрт адам ғана лайық болды. Олар: фашизм туралы баяндайтын, өзінің күнделігімен танымал болған еврей қызы Анна Франк, иран-голландық прозашы, ақын, көсемсөзші Кадер Абдола, танымал нидерландық футболшы және жатықтырушы Луи Ван Галь және суретші Винсент Ван Гог.

Слайд 5

3.Әлемдегі ең кішкентай кітап

Кішкентай «Гүлдер мен өсімдіктердің альманахының» өлшемі 0,75 мм. Кітапқа

«Төрт мезілдің гүлдері» аты берілген.
Ол Жапонияның барлық гүлдері мен өсімдіктері бойынша анықтамалық болып табылады. Кітапты жасауға сегіз ай кеткен.

Слайд 6

4.Кофенің дақтары бар кітап

Марта Хеденнің бұл туындысы кофенің адам ағзасына пайдасын баяндайды.
Кофенің исі

аңқыған бұл кітап әр оқырманын кофеге деген тәбетін ашатыны сөзсіз.

Слайд 7

5.Шамы бар кітап

Егер түнде жарық сөніп, кітап оқи алмай қалсаңыз, сізге осы кітапты

ұсынар ем. Өз жарығы өзінде әрі қарай қызығып оқи аласыз.

Слайд 8

6. Үңгірлі кітаптар

Үңгірлі кітаптар Нью-Джерси мен Нью-Йорк қалаларының сәулетін таныстырады. Қалалардағы әсем ғимараттың

бейнесі секілді оюланған бұл кітаптар көздің жауын алады.

Слайд 9

7. Түн кітабы

Негізі бұл кітап емес, кітап формасындағы шам. Тек сөрелерде ғана емес,

үстел үстінде да тұратын бұл шам ерекше жарық сыйлайды.

Слайд 10

8. Wikipedia кітабы

Дизайнер Роб Мэттьюс ағылшын википедиясының ең көп қаралатын беттерін 5000

беттен тұратын кітап ретінде шығарған.
Бұл біз бен сіз қолданып жүрген википедия сайтының кітап нұсқасы ретінде ұсынылған кітап деп алсақ та болады.

Слайд 11

9.Мүсін кітаптар

Брайан Деттмердің лақабы — «кітап аршығыш». Ол «бук-карвингпен», яғни кітап оюмен айналысады.

Оған қандауыр пышақ, кішкентай қысқыш, қайшы және кітап болса болғаны, нәтижесінде тамаша өнер туындылары шығады.

Слайд 12

10. Қазақстанның қызыл кітабы

Осы тізімге әрине Қазақстанның қызыл кітабын қоса кетсек болады. Халықаралық табиғат

қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды.
Имя файла: Әлемдегі-10-ерекше-кітаптар.pptx
Количество просмотров: 66
Количество скачиваний: 0