Ісінулерді емдеу
Ауқымды ісінулер кезінде диуретиктер тағайындалады. Гиповолемия, диарея, құсу болғанда диуретиктер
тағайындалмайды. Ұзаққа сақталатын ісінулер болғанда фуросемид 2-6 мг/кг/тәулігіне тамырішілік күніне 3-4 рет біркелкі аралықпен тағайындалады. Рефрактерлі ісінулері бар пациенттерге ілмектік және тиазидті диуретиктердің және/немесе калий-сақтайтын диуретиктердің (спиринолактон) құрамдасы, ауыр жағдайларда – диуретиктер мен альбумин (20% альбумин 1г/кг 2-4 сағат. + фуросемидтің 1-2мг/кг т/і) құрамдасы қолданылады
Артериальды гипертензияны емдеу:
-ААФи: эналаприл 0,1-0,6мг/кг/тәу., фозиноприл 5-10мг/тәулігіне. ШСЖ 30мл/мин/1,73м2 кем азайғанда ААФи тағайындалмайды.
-БРА: валсартан 0,4-3мг/кг/тәулігіне., максимальды мөлшерде 160мг/тәу., лозартан 0,7-1,4мг/кг/тәулігіне., максимальды 100мг/тәулігіне. (D)
-β-блокаторлары: атенолол 1-2мг/кг, максимальды мөлшерде 100мг/тәу.
-кальций арналарының блокаторлары (нифедипин, амлодипин) Амлодипин 0,1-0,2мг/кг/тәулігіне, максимальды доза 0,6мг/кг немесе 20мг/тәу. нифедипин 0,5-2мг/кг/тәулігіне 2-3 қолдану.
Синдромды терапия