Қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық философияның рөлі презентация

Содержание

Слайд 2

Этнопедагогика дегеніміз белгілі бір халықтың тәрбие дәстүрін жинақтап, ғылыми жағынан жүйелеп, зерттейтін педагогика

ғылымының бір саласы болып отыр.

Слайд 3

Қазақ этнопедагогикасының қалыптасуы:

Слайд 4

Қазақ халқының ұлттық философиясы

Ұлттық психология

Этнография

Этнопедагогика

Слайд 6

Қазақтың ұлттық философиясының ерекшелігі

Слайд 7

Қазақ философиясының ерекшеліктері
көбінесе салт пен дәстүрде, рухани мұра мен адамдардың мінез-құлықтарында басым

қолданылады. Табиғи ортаны өзгертудің пайда болуы философиялық көзқараста адамның айқын мақсатты қызметін, мақсат қою факторын өмірге келтірді, ұлттық дүниетанымы пайда болды.

Менталитет
ғылыми мінез-құлық пен әдет-ғұрыптар жиынтығы негізінде бағдар таңдауын талап етеді. Табиғи және әлеуметтік өмірді тікелей бейнелеу, дүниенің құрылымы, оның жасырын күштері туралы тұрпайы түсінік бұл қазақ философиясының бастапқы кездегі деңгейі еді.

Слайд 8

Қазақтың ұлттық философиясында қоғамдық ой

қоғам қоғамдастық қоғамдық пікір

Слайд 9

Қоғамның біртіндеп дамуымен, тайпаның тарихи жадында қалған жекеленген құбылыстар мен белгілі бір оқиғаларға

байланысты адамдардың уақытты сезінуі ояна бастады. Жұт, аштық, оба, мал індеті, соғыс, т.б. табиғи және стихиялы апаттар адамдар санасында өз ізін қалдырып, белгілі бір уақыт қарқынының анықтамасы ретінде қызмет атқарды. Уақытты түсінушілік жекеленген адамдар үшін ғана мәні болғанымен, әлемдік жаратылыстың өтпелі компоненттерімен берік байланыста болды. Ол туралы Л.Н.Гумилев «Халықтың әл-ауқат жағдайын анықтайтын, классификация үшін аса ыңғайлы индикатордың бірі этникалық сананың уақыт категориясына қатыстылығы болып табылады,»- деп жазды.

Слайд 10

Рефлексия. Проблемалық сұрақ:

Сендердің ойларыңша, ұлттық философия қазақ ұлтынан қалай байқалады?
Студенттердің пікірін тыңдау.


Слайд 11

ТЕСТ
Қазақ этнопедагогикасының пайда болу кезеңі
А) ІХ ғ. 1-жартысы
В) ХІХ ғ. 2-жартысы
С) ХІ ғ.

Басы
2. Қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңіндегі қайраткерлердің бірі
А) Ш.Уәлиханов 
В) М.Әлімбаев
С) А.Байтұрсынов
3. Халықтық педагогиканың ой-пікірлері мен тәжірибесін жинақтау, қағазға түсіру қалай аталады?
А) этнопедагогика
В) педагогикалық этнография 
С) халықтық педагогика
4. Қазақ философиясы ерекшеліктерінің тұп-нұсқасы
А) салт пен дәстүр
В) рухани мұра мен адамдардың мінез-құлықтары
С) аталғандардың барлығы
5. Ғылыми мінез-құлық пен әдет-ғұрыптар жиынтығы негізінде бағдар таңдауын талап етеді:
А) менталитет
В) тәрбие
С) дәстүр

Слайд 12

Қазақ этнопедагогикасының көздеріне не жатады?
Қазақтың ішкі этникалық құрылымы неден тұрады?
Халықтық педагогикада ұрпақтар

сабақтастығы қандай рөл атқарады?
Халық педагогикасының тарихи тәрбиелік мәні қандай?
Ұлттық философия қазақ ұлтынан қалай байқалады?
Қазақтың халықтық философиясының қандай элементтерін білесіз, мысал келтіріңіз?

Сауалнама

Слайд 13

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпохи и цивилизации. – М.,1993.
2. Есімов

Ғ. Сана болмысы. Саясат пен мәдениет туралы ойлар. – А.,1994.
3. Ә.Қоңыратбаев, Т.Қоңыратбаев. Көне мәдениет жазбалары. А.: Қазақ университеті, 1991.- 400б.
4. Этнопедагогика және этнопсихология. Абай Құнанбаевтың 150-жыл толуына арналған ғылыми-әдістемелік жинақ. – А., Республикалық баспа кабинеті, 1995.-137 б.
5. Табылды Ә. Қазақ этнопедагогикасы және оқыту әдістемесі. – А.: Білім, 2004.- 288 б.
6. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. – А., 1998.
Имя файла: Қазақ-этнопедагогикасындағы-ұлттық-философияның-рөлі.pptx
Количество просмотров: 20
Количество скачиваний: 0