Операциондық тұтқаның нәтижесі презентация

Содержание

Слайд 2

Сұрақтар

Операциондық талдаудың мазмұны
Операциондық тұтқаның әсері. Өндірістік тәуекел.
Операциондық және қаржылық тұтқаның түйіндес әсерінің

концепциясы

Слайд 3

Операциондық талдаудың мазмұны

Операциондық талдау- CVP-талдау немесе «шығын – сату көлемі- пайда» (cost –

volume – profit) моделі өндіріс көлемінің ауытқуына байланысты пайда мен шығынның қалай өзгеретіндігін ашып көрсетеді.
CVP-талдау кәсіпорынның барлық шығындардың төмендегідей шартты бөлінуіне негізделеді:
- Айнымалы (VC – variable costs);
Тұрақты (FC – fixed costs);
Аралас (TC- total costs).

Слайд 4

Айнымалы шығындар

Шаруашылық субъекттің тура және тікелей іскерлік белсенділігіне тәуелді.
Айнымалы шығындар шығару мен сату

көлемінің өзгеруімен пропорционалды түде өзгереді.
Нақты өнімнің бір данасының айнымалы шығыны– өзгермейтін шама.

Слайд 5

Айнымалы шығындар

Слайд 6

Айнымалы шығындар

Шикізат
Материалдар
Жанармай мен технологиялық қажетті
энергия
Еңбектің келісілген ақысы
Комиссиялық шығындар

Слайд 7

Тұрақты шығындар

Тұрақты шығындар релеванттылықтың осы облысының көлемі мен белгілі бір уақыт аралығына қарамастан

өзгеріссіз қалады. Оларға: әкімшілік және басқару шығындары, амортизация, арендалық төлем, салықтың кейбір түрлері, пайыздық шығындар.

Слайд 8

Тұрақты шығындар

Слайд 9

Аралас шығындар

Тұрақты және айнымалы бөліктерден тұрады:
Коммуналдық қызмет
Жөндеу жұмыстары мен құрал-жабдықтың қызмет етуіне кеткен

шығындар
Сақтау шығындары

Слайд 10

Аралас шығындар

Слайд 11

Максимум және минимум әдісі

- Аралас шығындарды айнымалы және тұрақты құраушыларға бөлу әдісі.

Бұл әдістің мәні өткен уақыт аралығындағы өнімділік пен шығындарды зерттеуден тұрады,өндірістің осы екі деңгейінің қорытындысы бойынша өнімділіктің ең жоғары және ең төмен деңгейін таңдау мен шығындардың өзгерісін салыстыру..

Слайд 12

МЫСАЛ 1

Өндіріс
көлемі
Min 12000 дана
Max 18000 дана
Айыр-лық 6000 дана

Жиынтық
шығындар
$ 48000
$ 60000
$

12000

Слайд 13

Шығындар деңгейі мен өнімділік деңгейінің қатынасы келесі формуламен анықталады:

Y = ax + b
Y

– жалпы шығындар
x - өнімділік деңгейі, дана саны
a – бір данаға кеткен айнымалы шығын
b – тұрақты шығын

Слайд 14

Бір данаға кеткен айнымалы шығын = Шығындар айырмасы/ өнімділік айырмасы

$12000 / 6000

дана= $ 2
Тұрақты шығын(b) тең:
48000= 12000 х 2 + b
b = 24000
немесе
60000=18000 х 2 + b
b = 24000

Слайд 15

Операциондық талдау көрсеткіштері

Маржиналдық пайда(contribution margin, profit margin) = өнім өткізуден түскен табыс– айнымалы

шығындар
немесе MР= P*Q– v*Q = (P-v)*Q,
мұнда P – өнімнің бір данасының бағасы;
Q – өнім өткізу көлемі;
V- өнімнің бір данасының айнымалы шығыны
1 дана өнімнің маржиналдық пайдасы= 1дана өнімнің бағасы- 1дана өнімнің айнымалы шығыны = P-v

Слайд 16

МР кезіндегі 1 дана өнімнің операциондық қызметінің (EBIT) қорытындысы

EBIT=SAL – VC – FC
EBIT=P*Q–

v*Q – FC = (P-v)*Q – FC=
= MРдана *Q – FC,
мұнда MРдана- 1дана өнімнің маржиналдық пайдасы
SAL – өнім өткізуден түскен табыс
VC – айнымалы шығын
FC – тұрақты шығын

Слайд 17

Маржиналды пайда коэффициенті- margin profit’s ratio - MPR

MPR = MP/SAL
Өнім өткізуден түскен табыстағы

маржиналдық пайданың үлесі

Слайд 18

Залалсыздықты талдау (break-event point analysis – BEP)

шаруашылық қызметтің барлық шығындарын жабатын сату көлемін

анықтайды.
Залалсыздық нүктесі- кәсіпорын толығымен айнымалы және тұрақты шығындарды жабатын және операциондық пайда нольге тең болатын өнімді өткізу көлемі.
Залалсыздық нүктесі ақшалай түрде де, дана түрінде де көрсетіледі.

Слайд 19

Теңестіру арқылы залалсыздық нүктесін есептеу

Өнім өткізуден түскен табыс – айнымалы шығындар– тұрақты шығындар=

0
60 х – 45 х – 240000= 0
15х = 240000
Х = 16000 дана
16000 дана х 60 бір данаға= $ 960000

Слайд 20

Залалсыздық нүктесін есептеу

Дана түріндегі залалсыздық нүктесі=
Тұрақты шығындар
1 дананың маржиналдық пайдасы
Ақшалай түрдегі

залалсыздық нүктесі =
Тұрақты шығындар
маржиналдық пайда коэффициенті

Слайд 21

Залалсыздық нүктесін есептеу

QBP(N) = FC/(P-V) – дана түрінде,
QBP = FC/МРR - ақшалай

бірлікте,
немесе QBP= QBP(N)*P – ақшалай бірлікте
мұнда QBP(N) – операциондық қызметтің залалсыздық нүктесі, дана түрінде
QBP - операциондық қызметтің залалсыздық нүктесі, ақшалай бірлікте

Слайд 22

Өнімнің бірнеше түрін шығаратын кәсіпорынның залалсыздық нүктесін анықтау

№1 өнімінің ақшалай бірліктегі залалсыздық нүктесі=

(тұрақты шығындар х №1 өнімінің өнім өндіруден түскен табыстағы үлесі) / маржиналды пайда коэффициенті
№1 өнімінің бір данасының залалсыздық нүктесі= (тұрақты шығындар х №1 өнімінің өнім өндіруден түскен табыстағы үлесі) / 1 дананың маржиналды табысы

Слайд 23


Қаржы беріктігінің қоры (қауіпсіздік маржасы)
компания шығынға ұшырамас бұрын өнім өндірісі

көлемінің қаншаға кемитінін көрсетеді.
ҚБҚ (ақшалай бірлікте)= өнім өндіруден түскен табыс –ақшалай бірліктегі залалсыздық нүктесі
ҚБҚ (дана)= 1данадағы өнім өндіру көлемі – 1данадағы залалсыздық нүктесі
ҚБҚ(%)=ҚБҚ (ақша бірлігінде)/өнім өндіруден түскен табыс *100%=ҚБҚ (дана)/өнім өндіру көлемі *100%

Слайд 24

Мақсатты пайданы табу үшін өнім өндіру көлемін данамен анықтау

Теңестіру әдісі
Өнім өндіруден түскен табыс=

айнымалы шығындар+ тұрақты шығындар+ пайда
60 х = 45 х + 240000+90000
15х = 330000
Х = 22000 дана

Слайд 25

Мақсатты пайданы табу үшін өнім өндіру көлемін данамен анықтау

Маржиналды пайда әдісі=
Тұрақты шығын+

Пайда
1 дананың маржиналды пайдасы
$ 240000 + $ 90000
$15
= 22000 дана

Слайд 26

Мысал 2 – алғашқы мәліметтер

Слайд 27

Шешімі:

Өнім өндіру көлемі (дана) = (600+1000) / (50-30) = 80 дана
Өнім өндіру көлемі(ақшалай)=80*50=4000
немесе


Өнім өндіру көлемі(ақшалай) = (600+1000) / 0,4 = = 4000
Өнім өндіру көлемі (дана) = 4000/50 = 80 дана

Слайд 28

Операциондық тұтқа – operating leverage - OL

Кәсіпорын негізгі қызмет үдерісінде жұмсалатын шығындардағы тұрақты

шығынның үлесі.
Ол көбінесе айнымалы шығындармен салыстырғанда тұрақты шығындардың үлесі көп болатын компанияларда жоғары болады.

Слайд 29

Операциондық тұтқа

Жоғары операциондық тұтқасы бар компанияларда пайда сату көлемінің өзгеруіне сезімтал болады:
Сату

көлемінің пайызының кішкене артуы ( кемуі ) пайданың пайызының көбірек артуына ( кемуіне) әкеледі.
Сату көлемімен салыстырғанда пайданың артуы (кемуі) операциондық тұтқаның әсерімен көрінеді.

Слайд 30

Операциондық тұтқа әсері– degree of operating leverage - DOL

- Бұл сату көлемінің 1%

өзгеруіне байланысты пайданың пайыздық шамасының өзгеруі
DOL = %ΔEBIT / %ΔSAL, мұнда
%ΔSAL – өнім өндіруден түскен табыстың пайыздық өзгеруі
%ΔEBIT – операциондық пайданың пайыздық өзгеруі

Слайд 31

Операциондық тұтқаның әсері– degree of operating leverage - DOL
Экономикалық мағынасы: EBIT-тің өнім өндіруден

түскен табысқа деген сезімталдық деңгейін көрсетеді.
Операциондық тұтқаның әсері= Маржиналдық пайда/ Пайда =
= MP/ EBIT

Слайд 32

Операциондық тұтқаның мағынасы

DOL арқашан тек осы өнім өндіруден түскен табысқа есептеледі, өйткені қаржылық

менеджерге талдауды жеңілдетуге және операциондық пайданың өзгеруінің динамикасы мен тенденциясын болжауға болады.
Табыс өзгерсе- DOL мағынасы да өзгереді.
DOL шамасы кәсіпорынның жалпы шығындарындағы тұрақты шығындардың үлесінен тікелей тәуелді.
Тұрақты шығындардың үлесі неғұрлым жоғары болса, яғни, DOL- дың мағынасы да кәсіпорынның өндірістік тәуекел деңгейі жоғары болады

Слайд 33

Мысал 3

Есепті жылы кәсіпорын 1400 мың теңге табыс алды. Жиынтық айнымалы шығын –

800 мың теңге, жиынтық тұрақты шығын– 250 мың теңге, ал операциондық пайда 350 мың теңгені құрады. Келесі жылы табысты 15% арттыру жоспарланып отыр. Басқа да тең жағдайда жоспарланып отырған сатудың өсімі кәсіпорынның операциондық пайдасына әсер етеді?

Слайд 34

Мысал 3 – шешімі

DOL = MP/ EBIT = (SAL-VC)/ EBIT =
=

(FC+ EBIT)/ EBIT
DOL = (1400 - 800) / 350 =1,714
1,714*15%=25,71% - операциондық пайданың өсу темпі
EBIT жосп = 350 * (1+0,2571)=440 мың теңге

Слайд 35

тұтқаның түйіндес әсері– интегралды леверидж

DIL = DFL*DOL
DFL = %ΔEPS / %ΔEBIT
DOL = %ΔEBIT

/ %Δ SAL
DIL = %ΔEPS / %Δ SAL
Интегралды леверидж көрсеткішінің экономикалық мағынасы :
егер сату көлемі 1% өзгерсе, 1 жай акцияның таза пайдасының шамасы қанша пайызға өзгереді?

Слайд 36

Мысал 4

Есепті жылы кәсіпорын 1400 мың теңге табыс алды. Жиынтық айнымалы шығын –

800 мың теңге, жиынтық тұрақты шығын– 250 мың теңге, ал операциондық пайда 350 мың теңгені құрады. Келесі жылы табысты 15% арттыру жоспарланып отыр. Кәсіпорынның жыл сайын 125 мың теңге төлеп отыратын қарызы бар. Салық ставкасы– 24%. Жарғылық капитал 100000 жай акциядан тұрады. Табыстың өсімі меншік иелерінің жағдайына қалай әсер етеді?

Слайд 37

Мысал 4 - шешімі

DFL (II концепция) = EBIT/ (EBIT-I)
DFL=(1400 – 800 -250) /

(1400 – 800 – 250 -125)=1,555
1,555 * 25,71% = 40,0 % - салық салуға дейінгі пайданың өсу темпі
EBT жосп = 225 * (1+0,40) = 315 мың теңге
DIL =DFL * DOL = 1,714 * 1,555 = 2,667
2,667*15%= 40% - 1 акцияға таза пайданың өсу темпі
EPS жосп = 1,71 * (1+0,40) = 2,39 теңге 1 акцияға

Слайд 38

Мысал 4 - шешімі

Слайд 39

Интегралды леверидж әсері ( деңгей)

Операциондық және қаржылық тұтқаның әр түрлі тіркесін

таңдай отырып, қаржылық менеджер тәуекелдің мүмкін деңгейінде максималды пайда ала алады немесе пайданың белгіленген нормасында тәуекелді минималдай алады.

Слайд 40

Мынаны ескеру керек:

Қуатты операциондық тұтқаны қуатты қаржылық тұтқапен үйлестірген кәсіпорын үшін жоюшы

болуы мүмкін, себебі, іскерлік және қаржылық тәуекелдер өзара жағымсыз әсерлерді мультиплицирлей отырып көбееді

Слайд 41

Жиынтық тәуекелді төмендетудің 3 нұсқасы:

1. Әлсіз DOL – мен үйлестіргендегі DFL-дың жоғары деңгейі


2. Күшті DOL-мен үйлестіргендегі DFL-дың төмен деңгейі
3. DFL мен DOL бірқалыпты деңгейі.
Имя файла: Операциондық-тұтқаның-нәтижесі.pptx
Количество просмотров: 74
Количество скачиваний: 0