Халықаралық банк ісінің негіздері және валюта-қаржылық қатынастар презентация

Содержание

Слайд 2

Халықаралық банк ісі — бұл халықаралық экономикалық және құқықтық жүйеде жасалатын банктік операцияларды

ұйымдастыру мен басқару тәсілдері мен әдістерінің жүйесі.
Ол халықаралық банктік операцияларды басқару б.т. Халықаралық операцияларды жүргізетін банктер оның субъектілері болады.

Слайд 3

Халықаралық банк ісінің функциялары:
өндірістік процесті рационалды ұйымдастыру жолымен банк қызметін табыстылықпен қамтамасыз ету,

оның ішіне банкті басқару және оның техника-технологиялық базасының дамуы.
кадрлық потенциалды тиімді қолдану;
халықаралық нарыққа шығу стратегиясын ұйымдастыру;
халықаралық банктік операцияларын басқару стратегиясын жасау және енгізу;
талдамалы ақпаратты жедел дайындауын жоғары деңгейге жеткізу, оның негізінде басқару шешімдері қабылданады.

Слайд 4

Халықаралық банк ісінің негізгі субъектілері болып трансұлттық банктер (ТНБ) табылады - трансұлттық банктік

капиталдың басты ұйымдастыру формасы.
Трансұлттық банктік капитал — бұл әртүрлі елдердегі несие-есеп айырысу және т.б. операциялар үшін көбірек пайда алу мақсатымен трансұлттық банктермен тартылатын ақшалай капиталдар жиынтығы.
Трансұлттық капитал өз қызметімен ұлттық экономикалардың жақындауына әрекет жасайды.

Слайд 5

Трансұлттық банктік капитал келесі қатынастарды сипаттайды:
трансұлттық банктер тобының арасындағы, олар бәсекелестікті күшейтіп, монополизмға

жол бермейді;
трансұлттық банктік капитал мен интернационалдық жалдамалы жұмыс арасындағы;
трансұлттық және ұлттық банктік мекемелер арасындағы;
трансұлттық банктер мен мемлекеттер арасындағы;
трансұлттық банктер мен басқа халықаралық несиелік-қаржылық ұйымдар арасындағы (МБРР, МВФ, ЕБРР және т.б.).

Слайд 6

Дүниежүзіндегі 1-ші деңгейлі капитал бойынша бірінші бестікке келесі трансұлттық банктер кіреді: 1. Citigroup

(АҚШ), 2. Mizuho Financial Group (Жапония), 3. Bank of America Corp. (АҚШ), 4. JP Morgan Chase & Co. (АҚШ), 5. HSBC Holdings (Ұлыбритания).

Слайд 7

Трансұлттық банктер – бұл кең таралған ұлттық және шетелдік бөлімшелерінің желісі бар, капиталының

салмақты бөлігі ұлттық б.т. әмбебап типті халықаралық несиелік-қаржылық ұйымының бір түрі, оның қызметі қаржылық капиталының халықаралық байланысын және ұлттық экономикаларының өзара әрекеттестігін күшейтуге әсерін тигізеді.

Слайд 8

ТҰБ қызметінің негізгі принциптері:
сыртқы және ішкі нарықтағы банктік саясатты өткізуге көмектесетін дұрыс ұйымдастырушылық

құрылым жасау;
ғылыми менеджментті қолдану;
банктің өз ісіне әлеуметтік жауапкершілігі;
ұзақмерзімді жоспарлау, ол акционерлердің банктің келешегіне сенімділігін сақтайды;
өз қызметтерін сапалы орындау, өз клиенттеріне назарын шоғырлау, оларды қажетті қызметпен қамтамасыз ету;
банктік капитал экспансиясының көлемін кеңейту;
банктік топтар қызметкерлерін орталықтандырылмаған басқаруын және өз қызметіне әрбір бөлімшенің, әрбір құрылымдық буынның, әрбір банк жұмысшысының жауапкершілігін бірлестіру;
жұмысты сапалы жоғарлатуды материалды ынталандыру.

Слайд 9

Трансұлттық банктердің негізгі функциялары:
ТҰК, экономиканың барлық қаржылық емес секторларына өз елінде және

шетелде қаржылық, консультативтік және ақпараттық қызмет көрсету;
мемлекеттерді несиелеу;
евровалюта нарығына қызмет көрсету;
халықаралық несиелік-қаржылық ұйымдардың қызметін қаржыландыруға қатысу;
ипотекаларды қаржыландыру;
халыққа есеп айырысу қызметін көрсету;
ақпараттық бизнес;
БҚН-ға қызмет көрсету және т.б..

Слайд 10

Банктің шетелдік өкілдігі — банктік қызметті жүргізбейтін аумақтық бөлек құрылымдық бөлімше.
Өкілдіктің міндеттері:
шетелдік қаржылық

орталыққа қатынасу, егер жасалатын операциялар көлемі филиалдар мен еншілестік құрылымдарды құруға жеткіліксіз болса;
өтініштерді бас офиске жіберу арқылы шетелдегі өз клиенттеріне бизнесті жүргізуге көмек беру;
орналасу елі туралы қаржылық-экономикалық ақпаратты жинау.

Слайд 11

Шетелдік бөлімшелер — бұл операциялар «ата-аналық» банктің операцияларын кеңейтудің заңды формасы, бөлек корпорация

емес, оның акциялары ата-аналық фирмаға тиесілі.

Слайд 12

Агенттіктер — ол банктік операцияларының кең спектрін жүргізетін халықаралық банк ісінің формасы, бірақ

салымдар қабылдауға тиым салынады.
Агенттіктер бөлімдерге рұқсат берілмеген жерде қызмет етеді, яғни халықаралық банктік менеджментінің негізгі мақсаты қаражат тарту болмаған жағдайда (мысалы, несиелеу).

Слайд 13

Шетелдік еншілес банктер — бұл жалпы банктік қызметті жүргізетін және жаңа кәсіпорын ретінде

немесе банкті жұтылу жолымен құрылатын халықаралық банктік менеджментінің формасы.
Шетелдік еншілес банктің міндеті:
халықаралық бәсекелестік позицияларды жақсарту;
салықтық міндеттемелерді азайту;
шетелдік филиал құруға тиым салынған елдерде тиімді әрекет жасау мүмкіндігі;
жергілікті клиенттерге қызмет көрсету және қалыптасқан елде бас офис үшін тыйым салынған операцияларды жүргізу арқылы аналық банктер мүддесінде қызмет ету.

Слайд 14

Банктік консорциум - әртүрлі елдердің бірнеше банктері өз ресурстарын халықаралық операцияларды жүргізетін бір

банкті құру үшін бірлестіреді.
Мұндай форма қатысушы-банктерге қажетті жағдайда өз серіктестерінің қолдауын қолдануға мүмкіндік береді.
Имя файла: Халықаралық-банк-ісінің-негіздері-және-валюта-қаржылық-қатынастар.pptx
Количество просмотров: 89
Количество скачиваний: 0