Мемлекеттің валюталық саясатын қалыптастыру презентация

Содержание

Слайд 2

Валюталық саясат (Currency policy; exchange policy) — бұл мемлекеттің экономикалық және сыртқы экономикалық

саясатының құрамдас бөлігі, ол мемлекетпен, ОБ-мен және орталық қаржы органдарымен мемлекет ішінде және сыртындағы валютаға, валюталық курсқа, валюталық операцияларға, ақшаның сатып алу қабілетіне және жалпы ел экономикасына ағымдағы және стратегиялық мақсаттарға сәйкес әсер ету арқылы жасалатын шаралар жиынтығы.

Слайд 3

Валюталық саясаттың міндеттері:
валюталық дағдарыстан шығу және валюталық тұрақтылықты қамсыздандыру;
валюталық шектеулер;
валютаның

конверсиялануына өту;
валюталық операцияларды либерализациялау.

Слайд 4

Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңнама арқылы ресімделеді.
Валюталық заңнама – ол елдегі және

оның сыртындағы валюталық құндылықтармен және валюталық мәселелер бойынша мемлекеттер арасындағы екі жақты және көп жақты валюталық келісімдер операцияларын іске асыру тәртібін реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.

Слайд 5

Валюталық саясат келесіге бағытталған:
1. Ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамсыздандыруға;
2. Валюталық реттеу мен

валюталық бақылау органдарының қызмет етуін қамсыздандыруға;
3. Халықаралық есеп айырысуларды регламенттеуге;
4. Елдің әлемдік валюта нарығына жағымды әсер етуін қамсыздандыруға.

Слайд 6

Валюталық резервтерді әртараптандыру — халықаралық есеп айырысуларды қамсыздандыру мен валюталық жоғалтулардан қорғану мақсатымен

валюталық резервтер құрамына әртүрлі валюталарды қосу жолымен олардың құрылымын реттеуге бағытталған мемлекеттер, банктер, фирмалар мен ТҰК-дың (трансұлттық компаниялар (корпорациялар)) саясаты. Көп жағдайда тұрақсық валюталарды сату және тұрақты және халықаралық есеп айырысуларға қажетті валюталарды сатып алу жолымен жүргізіледі.

Слайд 7

Валюталық саясатты жүзеге асыру деңгейлері:
— валюта ресурстары бар және валюталық операцияларға қатысатын жеке

кәсіпорындар мен банктер;
— ұлттық мемлекет (Қаржы министрлігі, Орталық банк, валюталық бақылау органдары);
— мемлекет аралық институттар, конференциялар, келісімдер.

Слайд 8

Валюталық саясат өзінің мақсаттары мен нысандарына байланысты құрылымдық пен ағымдағы болып бөлінеді.
Құрылымдық валюталық

саясат — бұл әлемдік валюта жүйесіне құрылымдық өзгерістерді жасауға бағытталған ұзақмерзімді шаралардың жиынтығы.
Ол валюталық реформалар түрінде жүзеге асырылады. құрылымдық валюталық саясат ағымдағы саясатқа әсерін тигізеді.

Слайд 9

Ағымдағы валюталық саясат – валюталық операцияларды, валюта нарық пен алтын нарығының қызметіне, валюталық

бағамды күнделікті, жедел түрде реттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар жиынтығы.

Слайд 10

Теория түрінде валюталық саясаттың 5 нұсқасын белгілеуге болады:
1. Валюталық бағамды өзгертусіз жалпы төлем

тапшылығын қаржыландыру.
2. Қатаң валюталық бақылау.
3. Қалқымалы валюталық бағам.
4. Тұрақты белгіленген валюталық бағамдар.
5. Валюталық бағамдар ымырасы (3 пен 4).

Слайд 11

Валюталық саясатты жүзеге асыру құралдарының бірі болып валюталық реттеу табылады.
Валюталық реттеу (Foreign exchange

controls) – бұл валюта айналысын басқару, валюталық операцияларды бақылау, ұлттық валютаның бағамына әсер ету, шетел валютасын қолдануына шектеу бойынша мемлекеттік органдардың қызметі.

Слайд 12

Жедел (тактикалық) мақсаттарға ішкі валюта нарығының тұрақтылығын, оны нақты ұйымдастыруы мен бақылауын қамсыздандыру

кіреді.
Тактикалық мақсаттарға валюталық реттеу мен валюталық бақылауды ұйымдастыру, сыртқы қарызға қызмет ету, экспорттық-импорттық салаларды ынталандыру және т.б. жолмен жетеді.

Слайд 13

Девиздік валюталық саясат – шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық бағамды

реттеу бойынша мемлекеттің шаралары.
Девиздік валюталық саясат екі бағытта жүзеге асады:
1. Ұлттық валюта үшін валюталық бағам тәртібін қою жолымен;
2. Әртүрлі құралдардың көмегімен оны реттеу арқылы.

Слайд 14

Девиздік валюталық саясаттың құралдары келесілер :
1. Валюталық интервенция;
2. Девальвация мен ревальвация;
3. Валюталық шектеулер.

Имя файла: Мемлекеттің-валюталық-саясатын-қалыптастыру.pptx
Количество просмотров: 26
Количество скачиваний: 0