Облигация (лат. oblіgatіo – міндеттеме) – бағалы қағаз презентация

Содержание

Слайд 2

Облигация (лат. oblіgatіo – міндеттеме) – бағалы қағаз.
Облигация дегеніміз белгілі бір соманы қарызға алып жатқан эминент (мемлекет немесе компания) пен инвестордың келісімшартқа

отыру барысында қолданылатын бағалы қағаз. Келісімшарт бойынша мезгіл сайын эминент облигация йемденушісіне пайыз түрінде пайда әкеліп отыруға, сонымен қатар облигация құнын атаулы мерзімге дейін өтеуге міндетті. Әдетте, облигацияларды мемлекет, жергілікті билік органдары немесе компаниялар қаржы тарту мақсатында шығарады.

Облигация (лат. oblіgatіo – міндеттеме) – бағалы қағаз. Облигация дегеніміз белгілі бір соманы

Слайд 3

Облигациялардың шығу тарихы және әлемге таралуы XVI-XVII ғасырлардан басталады. Бірінші облигациялар қарыз алушының

(эминент) белгілі бір уақыт кезеңінде қарызын өтеуде, сондай-ақ ақшаны пайдаланғаны үшін қосымша сыйақы төлеуде қолданылатын. Облигациялар алғашында табысы төмен және бүкіл шарттары алдын ала белгіленген қаржы құралдың бір түрі болып саналатын.

Облигациялардың шығу тарихы және әлемге таралуы XVI-XVII ғасырлардан басталады. Бірінші облигациялар қарыз алушының

Слайд 4

Тарихи деректер бойынша, облигациялардың халықаралық қаржы сахнасында пайда болуы шіркеудің өсімқорлыққа қарсы күресімен

байланысты. XVI ғасырдың ортасында Францияда шіркеу қудалауынан құтылу мақсатында кредиторлар ақшаны қарызға облигация жүзінде беріп, өз іс-әрекеттерін табыс ағынын сатып алу/сату деген атпен ақтаған. Ал XVI ғасырда Голландияда пайда болған облигациялар, өсімқорлықпен айналысатын адамдарға альтернатива ретінде қолданылған.  Облигация шығаратын бизнес иелерінің пайымдауынша, олар облигация йемденушілеріне «кредиттік пайызды» емес, «пайданың пайызын» төлейтін.

Тарихи деректер бойынша, облигациялардың халықаралық қаржы сахнасында пайда болуы шіркеудің өсімқорлыққа қарсы күресімен

Слайд 5

Түрлері
Облигациялар қолданыс мерзіміне, пайыздық пайдасына, және шығу тегіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Инвесторға

әкелетін пайыздық пайдасына байланысты  облигация екі түрлі болады:
Тұрақты пайызды облигациялар – алдын ала қойылған мерзім ішінде пайыздық пайда өзгермейтін облигация түрі. Бұл жағдайда, инвестор табысы екі компоненттен тұруы мүмкін: біріншіден, облигациялар шығарушы компания жылдық пайыздық мөлшер көлемі бойынша жылына бір немесе екі рет төлемдер жасауға келіседі. Бұл табыс купон немесе купондық пайда деп аталады. Екіншіден, инвестордың табысы облигацияны сатып алған баға мен оның номиналды құны арасындағы айырымнан жиналуы мүмкін. Бұл баға айырымын дисконт деп, ал әкелетін табысты дисконтты деп атайды.
Өзгермелі пайызды облигациялар - пайыздық табыс түрлі макроэкономикалық факторларға байланысты өзгеретін облигация түрі. Әдетте, облигацияның бұл түрі инвесторлар мен компания-қарыз алушыларға нарықтық жағдайлар өзгерген кезде пайда болуы мүмкін қаржылық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, егер корпоративтік облигациялар мөлшерлемесі Лондондық банкаралық ұсыныс ставкасына байланған болса, онда облигациялардың өзгермелі пайыздық табысы LIBOR бойынша есептеледі, яғни Лондонда орналасқан 16 бірінші дәрежелі банктердің орташа пайыздық мөлшерлемесімен анықталады

Түрлері Облигациялар қолданыс мерзіміне, пайыздық пайдасына, және шығу тегіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді.

Слайд 6

Ал шығу тегіне байланысты облигациялар екі түрлі болуы мүмкін:
Корпоративтік облигациялар – акционерлік қоғамдармен шығарылатын

тәуекелі жоғары облигация түрі. Корпоративтік облигациялардың пайыздық табыс әкелу мөлшері эмитенттің облигациялар сенімділігіне байланысты 8-ден 18% -ға дейін өзгереді.  Нарықтықта табыстылығы мен тәуекелдіктің деңгейі әртүрлі  облигациялар кездеседі және солардың ішінен инвестор өзіне қалайтынын сатып ала алады. Мысалы, ірі компаниялардың облигацияларының купондық төлемдер өте төмен бірақ олардың сенімділігі жоғары болады. Ал жоғары пайыздық төлемдермен шығарылатын облигациялар әдетте кішігірім сенімсіз компаниялармен сатылады. Алайда нарыққа бағалы қағаздарын енді шығарып жатқан жаңа компаниялар да пайыздық табысты жоғары қылып қояды. 
АҚШ Облигациялары
Ресей көмір өңдеу өнеркәсіп қоғамының облигациясы.
Муниципалдық және мемлекеттік облигациялар – тиісінше жергілікті билікпен және мемлекетпен шығарылатын тәуекелі төмен облигация түрі. Мемлекеттік облигациялар төмен пайыздық табысына байланысты инвесторлар арасында қатты қызығушылық тудырмайды. Мысалы,  Ресей мемлекеттік облигациялары шамамен жылына 8% пайыздық пайда әкеле алады. Орташа жылдық инфляцияның 8% екенін ескере отырсақ, облигация йемденушіге ешқандай пайда алып келмейді десе де болады.

Ал шығу тегіне байланысты облигациялар екі түрлі болуы мүмкін: Корпоративтік облигациялар – акционерлік

Слайд 7

Облигациялар қолданыс мерзімі тұрғысынан қысқа, орта және ұзақ мерзімді деп бөлінеді. Мерзімнің ұзақтығы

облигация шығаратын елге байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Әдетте, қысқа мерзімді облигациялар бір немесе екі жылға шығарған бағалы қағаздар болып табылады. Ал орта мерзімді және ұзақ мерзімді болса, бес жылдан жеті жылға дейін және тиісінше жеті жылдан астам болады.

Облигациялар қолданыс мерзімі тұрғысынан қысқа, орта және ұзақ мерзімді деп бөлінеді. Мерзімнің ұзақтығы

Имя файла: Облигация-(лат.-oblіgatіo-–-міндеттеме)-–-бағалы-қағаз.pptx
Количество просмотров: 32
Количество скачиваний: 0