Қаржылық есептілікті дайындаудың және ұсынудың принциптері презентация

Слайд 2

Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгi - бұл өздерінің нақты ақпараттық қажеттiлiктерiне

Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгi - бұл өздерінің нақты ақпараттық қажеттiлiктерiне сай

келетiн есептiлiктiң ұсынылуын талап етуге мүмкiндiгi жоқ пайдаланушылардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге арналған есептілік.
Қаржы есептiлiгi ұйым қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады.

Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiнiң мақсаты экономикалық шешiмдер қабылдау кезiнде пайдаланушылардың қалың тобы үшiн пайдалы ұйымның қаржы жағдайы, қызмет нәтижелерi мен ақшалай қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Қаржы есептiлiгi сондай-ақ ұйым басшылығына сенiп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi.

Слайд 3

Қаржылық есептіліктің элементтері. Қаржылық есептіліктің элементтері. Осы мақсатқа жету үшiн

Қаржылық есептіліктің элементтері.

Қаржылық есептіліктің элементтері.
Осы мақсатқа жету үшiн қаржы есептiлiгi ұйымның

мынадай көрсеткiштерi туралы ақпарат бередi:
(а) активтер;
(b) мiндеттемелер;
(c) өз капиталы;
(d) пайдалар мен залалдарды қоса, кiрiстер мен шығыстар;
(e) өз капиталындағы басқа да өзгерістер;
(f) ақшалай қаражаттың қозғалысы.

ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ КОМПОНЕНТТЕРІ
Қаржы есептiлiгiнiң толық жинақталымы мыналарды қамтиды:
(а) баланс;
(b) пайдалар мен залалдар туралы есеп;
(c) өз капиталында мыналарды көрсететiн өзгерістер туралы есеп
(d) ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп;

Слайд 4

Қызметтiң үздiксiздiгi Қаржы есептiлiгiн әзiрлеген кезде ұйымның басшылығы ұйымның өз

Қызметтiң үздiксiздiгi
Қаржы есептiлiгiн әзiрлеген кезде ұйымның басшылығы ұйымның өз қызметiн жалғастыру

қабiлетiн бағалауға міндетті. Қаржы есептiлiгi, егер ұйымның басшылығы не ұйымды таратуға, немесе оның қызметiн тоқтатуға өзі ниет еткен, не бұлай жасаудан басқа нақты баламасы болмағандықтан, осындай іс-әрекет тәсілін таңдауға мәжбүр болған реттерді қоспағанда, міндетті түрде қызметтiң үздiксiздiгi негiзiнде жасалуға тиiс. Егер ұйымның басшылығы бағалау барысында бұдан былай ұйымның қызметтi үздiксiз жалғастыру қабiлетiне едәуiр күмән туғызуы мүмкiн оқиғаларға немесе жағдайларға байланысты елеулi тұрлаусыздықтар туралы оған мәлiм болса, бұл тұрлаусыздықтар қаржы есептілігінде міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс. Егер қаржы есептiлiгi қызметтiң үздiксiздiгiне жол беру негізінде жасалмаса, бұл факт есептiлiк жасалған негiзбен және ұйым үздiксiз iс-әрекет етедi деп есептелмейтiн себеппен қатар, міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс.

Есептеу әдісі бойынша есепке алу
Ұйым, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы ақпаратты қоспағанда, есептеу әдісі бойынша есепке алу ережелерін қолданып, қаржы есептiлiгiн жасауға міндетті.

Имя файла: Қаржылық-есептілікті-дайындаудың-және-ұсынудың-принциптері.pptx
Количество просмотров: 163
Количество скачиваний: 1