Бухгалтерлік есептеу жүйесі презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспар 1.Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні. 2. Басқару

Жоспар

1.Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні. 2. Басқару есебінің объектілері,

тәсілдері мен міндеттері. 3. Басқару есебі мен қаржылық есептің салыстырмалы сипаты.
Слайд 3

Бухгалтерлік есептің шоттары дегеніміз – шаруашылық қорлары мен олардың көздерін

Бухгалтерлік есептің шоттары дегеніміз – шаруашылық қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен

топтастырудың, ағымдағы есепке алудың, бақылаудың және көрсетудің әдісі.
Шот – бұл ақпарат жинақтаушы. Кейіннен ол жинақталады және әр түрлі жинақ көрсеткіштер мен есептемелерді жасау үшін пайдаланылады.
Шоттар шаруашыдық қорларының әрбір түріне, олардың көдеріне және шаруашылық процестеріне бухгалтерлік есеп объектілерінің белгіленген жіктемесі арқылы ашылады. Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар құжаттардың негізінде жазылады. Операцияларды шоттарда тіркеу ақшалай түрде жүргізіледі. Бұл орайда алғаншқы құжаттардағы натуралды көрсеткіштер ақшалай көрсеткіштерге ауырстырылады.
Слайд 4

Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні. Басқару есебі –

Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні.

Басқару есебі – экономикалық субъектіні жоспарлау,

бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Басқару есебінің негізінде қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр.
Басқару есебінің мазмұнын жалпылай алсақ, екі топқа: өндірістік ресурстар, шаруашылық процестері мен олардың нәтижелеріне біріктенуге болатын өндірісті басқарудың бүкіл циклі процесіндегі объектілердің жиынтығы жатады.
Слайд 5

Өндірістік ресурстар кәсіпорынның шаруашылық қызметі барысында адам еңбегінің мақсатқа сәйкестілігін

Өндірістік ресурстар кәсіпорынның шаруашылық қызметі барысында адам еңбегінің мақсатқа сәйкестілігін қамтамасыз

ету. Олар мыналарды біріктіреді:
негізгі құралдар;
материалдық емес ресурстар – мерзімнен бұрын қаржы бөлінген объектілер (жерді пайдалану құқығы, патенттер, лицензиялар, тауарлық белгілер және т.б.);
материалдық ресурстар – еңбек құралдарының көмегімен өндіріс процесінде өңдеуге арналған еңбек керек-жарақтары;
еңбек ресурстары – кәсіпорынның осы шақта бар нақты еңбек ететін көпшілігі, мақсатқа сәйкес қызмет пен еңбек нәтижесінде еңбек ресурстарын пайдалану.
Слайд 6

Бухгалтерлік басқару есебі – есеп процесі мен кісіпорынды басқару арасындағы байланыстырушы буын.

Бухгалтерлік басқару есебі – есеп процесі мен кісіпорынды басқару арасындағы байланыстырушы

буын.
Слайд 7

Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі атап көрсетіледі: шығын орталығы; кіріс орталығы; пайда орталығы; инвестиция орталығы.

Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі атап көрсетіледі:

шығын орталығы;
кіріс орталығы;
пайда орталығы;
инвестиция

орталығы.
Слайд 8

Шығын орталығы — өндірістік ресурстардың шығындарын байқау, бақылау, басқару, сондай-ақ

Шығын орталығы — өндірістік ресурстардың шығындарын байқау, бақылау, басқару, сондай-ақ оларды пайдалануды

бағалау мақсатымен мөлшерлеу, жоспарлау және өндіріс шығындарды есептеуді ұйымдастыратын кәсіпорынның құрылымдық бөлімі.
Шығындар орталығы екі бағытта жұмыс істей алады:
— берілген қаржы деңгейінен ең көп шамада нәтиже алу;
— берілген нәтижеге жету үшін қажетті қаржыны ең аз шамаға жеткізу.
Слайд 9

Кіріс орталығы – жауапкершілік орталығы, мұнда менеджер кірістерді алу үшін

Кіріс орталығы – жауапкершілік орталығы, мұнда менеджер кірістерді алу үшін жауап береді,

бірақ шығындар үшін (мысалы, сауда ұйымның көтерме сауда бөлімі және т.с.с.) жауап бермейді, оның басшыларының іс-әрекеті алынған кірістер негізінде бағаланады. Осы жағдайдағы басқару есебінің міндеті — жауапкершілік орталығының қызмет қорытындылары шығарда нәтижелерді кесімді белгілеу
Слайд 10

Пайда орталығы – бұл да жауапкершілік орталығы. Оның басшысы бір

Пайда орталығы – бұл да жауапкершілік орталығы. Оның басшысы бір уақытта өзінің

бөлімшесінің кірістері үшін де, шығындары үшін де жауап береді, тұтынылатын ресуостар саны және күтілетін бүкіл мөлшері жөнінде шешім қабылдайды. Іс- әрекетті бағалаудың белгісі – алынған пайда мөлшері. Сондықтан басқару есебі жауапкершілік орталығына кірер шығындардың құны, осы орталық ішіндегі шығындар және сегмент іс-әрекетінің қорытындылары шығарда түпкілікті нәтижелер туралы ақпарат ұсынуға тиісті.
Слайд 11

Инвестиция орталығы – кәсіпорын сегменттері, бұлардың менеджерлері өз бөлімшелерінің шығындары

Инвестиция орталығы – кәсіпорын сегменттері, бұлардың менеджерлері өз бөлімшелерінің шығындары мен кірістерін

бақылап қана қоймайды, басқа орталық басшылары шұғылданбайтын, инвестицияланған қаржыны тиімді пайдалануды да қадағалайды.
Слайд 12

Басқару есебінің мәні – шығындар мен кірістерді, мөлшерлеуді, жоспарлауды, бақылауды

Басқару есебінің мәні – шығындар мен кірістерді, мөлшерлеуді, жоспарлауды, бақылауды және кісіпорынның

болашақ даму мәселелерін үйлестіру мен шұғыл басқару шешімдері үшін ақпаратты жүйелендіретін талдауға есеп жүйесін біріктіріп кіріктіру (интеграциялау).
Слайд 13

Басқару есебінің объектілері, тәсілдері мен міндеттері. Басқару есебінің объектілері ұйым

Басқару есебінің объектілері, тәсілдері мен міндеттері.

Басқару есебінің объектілері ұйым мен оның

бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің қорытындылары мен шығындары; баға белгілеу, бюджеттеу және ішкі есеп беру болып табылады.
Басқару есебінің өрісі – есеп беру орталықтарының (ұйым сегментінің) өндірістік іс-әрекеті, сондықтан басқару есебін кейде жауапкершілік орталықтары жөніндегі есеп немесе сегменттік есеп деп те атайды.
Сегменттік есеп – ұйымның жеке құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ақпаратты жинау, көрсету және жинақты қорыту жүйесі.
Имя файла: Бухгалтерлік-есептеу-жүйесі.pptx
Количество просмотров: 237
Количество скачиваний: 0