Уран – периодты жүйедегі атомдық номері 92 болатын химиялық элемент презентация

Слайд 3

Уран – периодты жүйедегі атомдық номері 92 болатын химиялық элемент. Атомдық массасы – 238,029

U (лат. - Uranium) болып белгіленеді, актиноидқа жатады Периодтық жүйеде актинидтер сериясында куміс-ақ металл болып табылады Уран табиғатта сирек кездесетін және шашыранды элементтер қатарына жатады. Бірақ жер қыртысындағы шашыраңқы орнласқан уранның үлесі алтыннан 1000 есе, күмістен 30 есе көп

Слайд 4

Уран - бәсекелестiк қабiлетi анағұрлым жоғары энергия көзi болып табылады. Оның басқа отын

көздерiнен басты айырмашылығы - ол жоғары концентрацияланған энергия көзi. Яғни, әрi жеңiл, әрi арзан тасымалданатын энергия көзiнен саналады. Мәселен, 1 кг уран дәл осы мөлшердегi көмірден бөлiнетiн энергиядан 20 мың есе жоғары электр қуатын бөледi. Жалпы құны жағынан да тиiмдi. 1 кВт сағат өндіруге кететін көмiрдің құны 4 евроцент тұрса, осы мөлшердегi газ 1,3–2,3 евроцентке шамалас. Ал уранның дәл осы көлемi небәрi 0,4 евроцентпен бағаланады

Слайд 5

. «Ал осындай жеңiлдiктерге ие бола тұра, Қазақстан сонау жылдан берi көз қырын

қайда қадап жүрген?» деген сұраққа жауап - Қазақстан әлi Чернобыль электр стансасындағы жарылысты ұмыта қойған жоқ. Уранның радиоактивтiлiгi оны өндiру мен өңдеуде, тасымалдау, өндiрiсте қолдану кезiнде үлкен кедергi келтiрумен бiрге төндiретiн қатерден қауіптенген елiмiз уран кенорындарын зерттеу жұмыстарын жасырын түрде жүргiзiп келдi.

Слайд 6

Уранның әлемдiк қорының 80 пайызы 9 ел үлесiне тиедi. Олар: Аустралия, Қазақстан, Канада,

ОАР, Намибия, Нигерия, Ресей, Бразилия және АҚШ. Атап өтерлiгi, уран өндiрiсiнде алғы шептегi үш мемлекеттiң бiрi - Канада мен Австралиядан кейiн тұрған Қазақстан (2006)
Соңғы зерттеу қорытындылары ел аумағында 1 млн. тоннаға жуық табиғи уран қоры бар екенiн айқындап бердi. Уран қоры Қазақстанның оңтүстiк бөлiгiнде шоғырланған (2006)
Қазақстанның ұлттық  «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы 2009 жылы 13 мың 500 тонна уран өндіріп, өнім көлемін өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 63 пайызға арттырып,  әлемде уран өндірісі бойынша бірінші орынға көтерілді (2009)

Слайд 10

Табиғи уран, уранның 3 изотобының қоспасынан тұрады:

234U, 235U, 238U. Бұл изотоптардың табиғи

урандағы салыстырмалы мөлшері: 234U-0,0057%, 235U-0,7204%, 238U-99,2739%.
Имя файла: Уран-–-периодты-жүйедегі-атомдық-номері-92-болатын-химиялық-элемент.pptx
Количество просмотров: 26
Количество скачиваний: 0