Ақша презентация

Содержание

Слайд 2

АҚША - АЙЫРБАС ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ БАРЛЫҚ АДАМДАРМЕН ҚАБЫЛДАНАТЫН ЖӘНЕ БАСҚА ТАУАРЛАРДЫ (ҚЫЗМЕТТЕРДІ) БАҒАЛАУҒА

ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН КЕЗ КЕЛГЕН ТАУАР НЕМЕСЕ СИМВОЛ. АҚША - АҒЫЛШ.MONEY,НЕМ.CASH,CELDN.

Слайд 5

Толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар) — номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес

келетін ақшалар.

Металл ақшаларға: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны — бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс және жаны — гурт деп аталады.

Слайд 7

Толыққұнсыз ақшалар (құнның белгілері) — номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен

қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.
Оларға мыналар жатады:
құнның металдық белгілері—арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
құнның қағаздан жасалған белгілері.
Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.

Слайд 8

АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім

болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.

Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.

Слайд 9

Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар

қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама–қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді

Слайд 10

АҚШАНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды.

Ақшаның қазіргі экономикадағы

атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
1.құн өлшемі және баға масштабы;
2.айналыс (айырбас) құралы;
3.төлем құралы;
4.қорлану және қор жинау құралы;
5.дүниежүзілік ақша.

Слайд 11

АҚШАНЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ

Ақшаның теориялары мынадай оның бағыттарын бөліп қарастырады:
- Ақшаның металдық теориясы;
- Ақшаның номиналистік

теориясы;
- Ақшаның сандық теориясы.
Ақшаның металдық теориясы ақша қызметін бағалы металдардың атқару барысында XV—XII ғғ. қалыптасты. Бұл теорияның өкілдеріне Англияда У .Стэффорд, Т.Мэн, Д.Норс жатса, Францияда А.Монкретьен жатты. Олар монетадан жасалған ақшалардың бұзылуына қарсы болды.

Слайд 12

ТМД ЖӘНЕ КЕЙБІР ЕЛДЕРДІҢ АҚША БІРЛІКТЕРІ

Слайд 13

 Қазақстан Ұлттық банкі банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз

етеді, қолдағы ақша қаражатын сақтау, инкассациялау тәртібін белгілейді. Ұлттық банктің ақша шығаратын банкнот фабрикасы бар.
1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті.Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер: Т.Сүлейменов,М.Алин,А.Дүзелханов,Қ.Әбжәлеловтар Англияға аттанды.
1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді.Теңге Ұлыбританияда басылып шықты.
1993 жылы 12 қараша күні елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта енгізу туралы ” жарлыққа қол қойды.
1993 жылы 15 қарашада Қазақстаннын Ұлттық валютасы – теңге айналысқа енгізілді.
Имя файла: Ақша.pptx
Количество просмотров: 236
Количество скачиваний: 1