Жерді кадастрлық бағалау презентация

Содержание

Слайд 2

Кадастрлық (бағалау) құны - мемлекет жер учаскесiн немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде

қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейi туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңiмен нақтыланатын жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары және оларға түзету коэффициенттерi негiзiнде айқындалатын жер учаскесiнiң есептеу құны

Кадастрлық құн

Слайд 3

Жерді бағалау оның халық шаруашылығындағы рөлі, əр түрлі санаттардағы жерлердің орналасуын нысаналы пайдалану

тұрғысынан қарастырылады. Топыраққа қатысты ол құраналық объектісі болып табылады. Топырақты зерттеу негізінде оның сапалық сипаттамасы жасалады, топтастырылады, бонитет шкаласы құрылады, бонитет балы анықталады. Бұл топырақтың табиғи қасиеттерін жəне сапасын бағалауға жатады

Слайд 4

Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жайылым мен шабындық түрлерінің өсімдік ресурстары мал шаруашылығы өнімін өндіру

үшін мал азықтық құндылық жағынан бағаланады. Жайылым мен шабындық адам үшін мал шаруашылығының даму қоры болып табылады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жəне бірқатар орман аумақтарындағы 32 өсімдік ресурстары нысаналық арналуы бойынша бағаланады.

Слайд 5

ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ ДЕП АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ЖЕР САПАСЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР

АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУДЫ АЙТАДЫ. БҰЛ САЛЫСТЫРМАЛЫ БАҒАЛАУҒА ЖАТАДЫ.

Слайд 6

Бағалаудың жалпы үлгісі:
ЖҚ = (КЖТ – КШ) / КМ
мұнда ЖҚ –

жер құны;
КЖТ – күтудегі жалпы табыс (дұрыс немесе шартты есептелген);
КШ – күтудегі шығындар;
КМ – капитал мөлшерлемесі.

Слайд 7

Нарықтық талдау:

Слайд 8

Стратификация сату – сатып алу мəмілелерінің мəліметтері жəне басқа да нарықтық ақпарттың

кейбір бірыңғай топтарға жіктелуін анықтайды. Салыстыру бірлігін анықтау кез келген бірлік бағаларынан көрінеді. Мысалы, тұрғын үй құрылысына қабылданған салыстыру бірлігі –учаске, арк, кейде учаскенің фронтальды шекарасының ұзындығы болып табылады. Нарықтық ақпараттық талдауды жүргізгенде жер учаскелері құнының өзгеру беталысы мен сипаты анықталады.

Слайд 9

Жер учаскелерін бағалағанда көбіне келесі əдістер қолданылады: - нарықтық сату-сатып алуларды салыстыру;

- қалдық құны бойынша (тарату əдісі); - жер үшін қалдық техникасы; - жер рентасының капитализациясы; - көшіру; - учаскелерге бөлу.

Слайд 10

Жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау актісін дайындау барысында көрсетілуге міндеттелетін ақпараттар:
Жеке немесе заңды

тұғаның толық аты-жөні
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі
Жер учаскесін алу мақсаты
Жер учаскесінің орналасқан жері
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны
Имя файла: Жерді-кадастрлық-бағалау.pptx
Количество просмотров: 88
Количество скачиваний: 0