Жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғатәрбиенің жалпы мақсаты
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ДЕГЕНІМІЗ: отанына берілгендікті, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға дайындығын, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін, еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықта тәрбиелеу; ғылым, мәдениет, техника саласындағы білімдер жүйесін және өндірісті ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу; адамгершілік қасиеттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген қамқорлық жасау және оларға ілтипат пен қараушылық, жолдастықпен адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу; еңбекте адал қарым-қатынсын, қоғам игілігі үшін материялдық өндіріс саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге, еңбек адамын құрмет етуге тәрбиелеу; әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан ажырата білуді, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге талпынысын, құштарлығын, табиғатты сүюге тәрбишілерді тәрбиелеу; денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене шынықтыру мен / спортпен / үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу; табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам өмірінің бастауы – жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді бағалау, қастерлеу, сақтау рухында тәрбиелеу, т.с.с.